https://sputnik.kz/20240610/qazaqstanga-kongo-respublikasynyn-prezidenti-keledi-44872734.html
Қазақстанға Конго республикасының президенті келеді
Қазақстанға Конго республикасының президенті келеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Конго Республикасы президентінің стратегиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жеке өкілі... 10.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-10T13:29+0500
2024-06-10T13:29+0500
2024-06-10T13:29+0500
қасым-жомарт тоқаев
ақорда
https://sputnik.kz/img/07e8/06/0a/44871524_0:62:1280:782_1920x0_80_0_0_00b7e445b9adda72912db4a72d2ab962.jpg
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Конго Республикасы президентінің стратегиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жеке өкілі Франсуаза Жолиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франсуаза Жолиге ілтипат білдіре отырып, оның бұл сапары Қазақстан мен Конго Республикасы арасындағы өзара тиімді байланыстарды дамытуға деген шынайы ниеттің белгісі саналатынын атап өтті.Мемлекет басшысы биыл елдеріміз дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығын атап өтетініне тоқталып, Конго Республикасымен ықпалдастықты нығайтуға дайын екенін айтты.Франсуаза Жоли құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Президент Дени Сассу-Нгессоның ізгі тілегін жеткізді.Кездесуде Конго Республикасы президентінің Қазақстанға жасайтын алдағы сапарына қатысты мәселелер, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/0a/44871524_78:0:1203:844_1920x0_80_0_0_804ccdb899b1d56b3a9f98d1d328e48f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, ақорда
қасым-жомарт тоқаев, ақорда
Қазақстанға Конго республикасының президенті келеді
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Конго Республикасы президентінің стратегиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жеке өкілі Франсуаза Жолиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франсуаза Жолиге ілтипат білдіре отырып, оның бұл сапары Қазақстан мен Конго Республикасы арасындағы өзара тиімді байланыстарды дамытуға деген шынайы ниеттің белгісі саналатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы биыл елдеріміз дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығын атап өтетініне тоқталып, Конго Республикасымен ықпалдастықты нығайтуға дайын екенін айтты.
Франсуаза Жоли құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Президент Дени Сассу-Нгессоның ізгі тілегін жеткізді.
Кездесуде Конго Республикасы президентінің Қазақстанға жасайтын алдағы сапарына қатысты мәселелер, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.