https://sputnik.kz/20240610/finlyandiya-ukrainaga-synaqtan-otpegen-qaru-zharaq-zhiberdi-44867945.html
Финляндия Украинаға сынақтан өтпеген қару-жарақ жіберді
Финляндия Украинаға сынақтан өтпеген қару-жарақ жіберді
Sputnik Қазақстан
Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген 10.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-10T13:05+0500
2024-06-10T13:05+0500
2024-06-10T13:28+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
финляндия республикасы
украина
қару-жарақ
https://sputnik.kz/img/174/78/1747831_0:224:2844:1824_1920x0_80_0_0_fe6b6fef314c286ce9b1d040856fb74f.jpg
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Финляндия Украинаға өз әзірлемесі бойынша сынақтан өтпеген қару-жарақ жіберуде, деп мәлімдеді Финляндия қорғаныс күштерінің әскери экономика бөлімінің бастығы Микко Хейсканен STT ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.Сәуір айында Финляндия Украинаға 188 миллион еуроға 23-ші әскери көмек пакетін жіберді. Финляндия премьер-министрі Петтери Орпо ел Киевке тағы бір әскери көмек пакетін беру туралы келісіп қойғанын мәлімдеді. Пакеттердің жалпы қандай қару-жарақ қамтитынын Финляндия билігі ашып айтпайды.Ресейдің Финляндиядағы елшісі Павел Кузнецов бұған дейін мәлім еткендей, БАҚ ақпаратына сәйкес, финдер Украина қарулы күштерін ауыр минометтер, түрлі типтегі зениттік зымыран кешендер, артиллериялық жүйелер және оларға арналған оқ-дәрілер, гранатометтер, атыс қарулары және басқа да қарулармен қамтамасыз етеді деп болжауға болады.Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген.Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты. Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.
финляндия республикасы
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/174/78/1747831_57:0:2788:2048_1920x0_80_0_0_0ad8135022a7f365393486d6f7b3fcf3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
финляндия республикасы, украина, қару-жарақ
финляндия республикасы, украина, қару-жарақ
Финляндия Украинаға сынақтан өтпеген қару-жарақ жіберді
13:05 10.06.2024 (жаңартылды: 13:28 10.06.2024) Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Финляндия Украинаға өз әзірлемесі бойынша сынақтан өтпеген қару-жарақ жіберуде, деп мәлімдеді Финляндия қорғаныс күштерінің әскери экономика бөлімінің бастығы Микко Хейсканен STT ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Ол сондай-ақ Финляндияның қорғаныс өнеркәсібінің соңғы инновацияларды жіберу туралы айтты. Генерал-лейтенант олардың кейбіреулері әлі де әзірлеме сатысында тұр. Украинада жинақталған тәжірибе фин технологияларының жаңа түрлерін дамыту үшін пайдалы болады деп есептейді", - деп жазды қоғамдық Yle телеарнасы Хайсканеннің сөзіне сілтеме жасап.
Сәуір айында Финляндия Украинаға 188 миллион еуроға 23-ші әскери көмек пакетін жіберді. Финляндия премьер-министрі Петтери Орпо ел Киевке тағы бір әскери көмек пакетін беру туралы келісіп қойғанын мәлімдеді. Пакеттердің жалпы қандай қару-жарақ қамтитынын Финляндия билігі ашып айтпайды.
Ресейдің Финляндиядағы елшісі Павел Кузнецов бұған дейін мәлім еткендей, БАҚ ақпаратына сәйкес, финдер Украина қарулы күштерін ауыр минометтер, түрлі типтегі зениттік зымыран кешендер, артиллериялық жүйелер және оларға арналған оқ-дәрілер, гранатометтер, атыс қарулары және басқа да қарулармен қамтамасыз етеді деп болжауға болады.
Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген.
Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты. Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.