https://sputnik.kz/20240610/eaeo-elderi-onerkasiptik-yntymaqtastyqtyn-negizgi-bagyttaryn-talqylady-44866835.html
ЕАЭО елдері өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады
ЕАЭО елдері өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2030 жылға дейінгі өнеркәсіптік... 10.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-10T12:14+0500
2024-06-10T12:14+0500
2024-06-10T12:14+0500
еаэо
құжат
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42163036_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_b8692e439ff92afbdee7d387d40da5b8.jpg
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2030 жылға дейінгі өнеркәсіптік ынтымақтастығының негізгі бағыттарының жобасы талқылануда, деп хабарлайды сауда және интеграция министрлігі.Естеріңізге сала кетейік, ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіптік саясатты мүше мемлекеттер дербес қалыптастырады, бұл ретте өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын Еуразиялық үкіметаралық кеңес 5 жылдық кезеңге бекітеді.2030 жылға дейінгі кезеңге арналған негізгі бағыттарды қалыптастыру үшін комиссияның өнеркәсіптік блогы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сарапшыларымен бірлесіп тиісті құжаттың жобасын әзірледі.Талқылау қорытындысы бойынша басым мақсаттары ретінде келесі айқындалды: Сондай-ақ, қазақстандық тараптың ұстанымын ескеретін өнеркәсіп саласындағы негізгі бағыттарды іске асыру жөніндегі тиісті іс-шаралар жоспары қалыптастырылды.Осы құжатты іске асыру ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кооперациясын дамытудың оң қарқынын сақтауға және жаңа инновациялық технологияларды игеруге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде ЕАЭО елдерінің, оның ішінде Қазақстанның экономикасы мен адами капиталы деңгейінің өсуін арттырады.ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кооперациясы саласындағы ынтымақтастық басым бағыт болып табылатынын атап өту маңызды. Қазіргі уақытта оны одан әрі дамыту үшін жеткілікті құралдар мен механизмдер қалыптастырылды.Мысалы, биыл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ЕАЭО бюджеті есебінен өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылық жәрдемдесу тетігі іске қосылатын болады.Бұл құрал отандық компанияларға маңызды бірлескен жобаларды іске асыруға, өндірілген өнім шығаруды ұлғайтуға және кредиттер мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау есебінен қосымша жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл Қазақстан өнеркәсібінің дамуына және тұтастай экономикаға оң әсер етеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42163036_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_e1e3fe0556189cefc45e45be235d84b8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, құжат
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2030 жылға дейінгі өнеркәсіптік ынтымақтастығының негізгі бағыттарының жобасы талқылануда, деп хабарлайды сауда және интеграция министрлігі.
Естеріңізге сала кетейік, ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіптік саясатты мүше мемлекеттер дербес қалыптастырады, бұл ретте өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын Еуразиялық үкіметаралық кеңес 5 жылдық кезеңге бекітеді.
"Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары – осындай ынтымақтастықтың мақсаттарын, бағыттары мен құралдарын, сондай-ақ ЕАЭО елдерінің өнеркәсіп салаларындағы өзара іс-қимылы үшін экономикалық қызметтің басым түрлерін айқындайтын орта мерзімді стратегиялық құжат", - делінген ақпаратта.
2030 жылға дейінгі кезеңге арналған негізгі бағыттарды қалыптастыру үшін комиссияның өнеркәсіптік блогы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сарапшыларымен бірлесіп тиісті құжаттың жобасын әзірледі.
Талқылау қорытындысы бойынша басым мақсаттары ретінде келесі айқындалды:
ЕАЭО нарығының әлеуетін пайдалану негізінде мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік өндірісінің озыңқы өсуін ынталандыру;
мүше мемлекеттердің аумақтарында бірлескен өндірісті оқшаулау жөніндегі күш-жігерді біріктіру, кооперациялық өзара іс-қимылды нығайту;
өнеркәсіптік салада кооперациялық жобаларды іске асыруды қолдау тетіктерін дамыту.
Сондай-ақ, қазақстандық тараптың ұстанымын ескеретін өнеркәсіп саласындағы негізгі бағыттарды іске асыру жөніндегі тиісті іс-шаралар жоспары қалыптастырылды.
Осы құжатты іске асыру ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кооперациясын дамытудың оң қарқынын сақтауға және жаңа инновациялық технологияларды игеруге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде ЕАЭО елдерінің, оның ішінде Қазақстанның экономикасы мен адами капиталы деңгейінің өсуін арттырады.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кооперациясы саласындағы ынтымақтастық басым бағыт болып табылатынын атап өту маңызды. Қазіргі уақытта оны одан әрі дамыту үшін жеткілікті құралдар мен механизмдер қалыптастырылды.
Мысалы, биыл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ЕАЭО бюджеті есебінен өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылық жәрдемдесу тетігі іске қосылатын болады.
Бұл құрал отандық компанияларға маңызды бірлескен жобаларды іске асыруға, өндірілген өнім шығаруды ұлғайтуға және кредиттер мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау есебінен қосымша жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл Қазақстан өнеркәсібінің дамуына және тұтастай экономикаға оң әсер етеді.