https://sputnik.kz/20240610/astana-almaty-zhane-shymkent-qalalaryna-iri-kokonis-zhetkizushiler-bekitiledi-44873397.html
Астана, Алматы және Шымкент қалаларына ірі көкөніс жеткізушілер бекітіледі
Астана, Алматы және Шымкент қалаларына ірі көкөніс жеткізушілер бекітіледі
Sputnik Қазақстан
Алматыда әлеуметтік өнімдерді жеткізу жағдайына ерекше назар аударылды 10.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-10T14:23+0500
2024-06-10T14:23+0500
2024-06-10T14:23+0500
көкөністер
баға
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28175176_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_22b9bfe8dc220362f1f5f986058aab91.jpg
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Маусым айының бірінші аптасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің орташа баға индексі 0,1%-ға төмендеді Өңірлердегі баға көрсеткіші сенбі, 8 маусымда вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте қаралды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Сауда комитетінің мәліметі бойынша, бір апта ішінде тауар мен көкөністің 10 түріне баға төмендеді: күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, сүзбе, 1 сұрыпты ұн, тауық жұмыртқасы, макарон өнімі, сәбіз, пияз және қырыққабат. Картоптың бағасы 4,4%-ке көтерілді. Бұл көкөніс түріне бағаның өсуі Астана, Алматы, Ұлытау, Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында тіркелді.Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков атап өткендей, егістіктен алынған жаңа өнімнің бағасы қазір тұрақсыз және күн сайын өзгеріп отырады. Дегенмен әкімдіктердің ерте шығатын өнімге форвардтық келісімшарттарды уақтылы жасасуы баға ауытқуларын реттей алады.Алматыда әлеуметтік өнімдерді жеткізу жағдайына ерекше назар аударылды. Бұл қала бүкіл ел бойынша азық-түлік инфляциясының индексін қалыптастыруға ең үлкен әсер ететін аймақтардың қатарында бірінші тұр. Одан кейін Астана мен Шымкент келеді.Алматының базарларын тұрақты бағадағы өніммен толтыру үшін көкөністерді тікелей жеткізушілер аздық етеді. Осыған байланысты Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы министрлігінің алдына жақын маңдағы облыстардан көкөністерге кепілдік беретін жеткізушілерді республикалық маңызы бар үш қалаға бекіту міндетін қойды. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар үздіксіз жеткізу кепілдігін қамтамасыз етуі тиіс.Кеңес қорытындысы бойынша вице-премьер әкімдіктерге бағаны тұрақтандыру мәселелері бойынша ӘКК жұмысын қатаң бақылауға алуды тапсырды.Атап айтқанда, 2025 жылдың маусымаралық кезеңінде қазақстандықтарды тұрақты бағадағы көкөніспен қамтамасыз ету үшін 2024 жылғы 1 тамызға дейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен өнім сатып алуды қаржыландыру қажет.
https://sputnik.kz/20230502/premer-ministr-zhana-kokonis-qoymalary-qazhet-34467949.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28175176_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_38caa778487ac467fc584b9b83136ab1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көкөністер, баға
Астана, Алматы және Шымкент қалаларына ірі көкөніс жеткізушілер бекітіледі
Алматыда әлеуметтік өнімдерді жеткізу жағдайына ерекше назар аударылды
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Маусым айының бірінші аптасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің орташа баға индексі 0,1%-ға төмендеді Өңірлердегі баға көрсеткіші сенбі, 8 маусымда вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте қаралды, деп хабарлайды үкіметтің
баспасөз қызметі.
Сауда комитетінің мәліметі бойынша, бір апта ішінде тауар мен көкөністің 10 түріне баға төмендеді: күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, сүзбе, 1 сұрыпты ұн, тауық жұмыртқасы, макарон өнімі, сәбіз, пияз және қырыққабат. Картоптың бағасы 4,4%-ке көтерілді. Бұл көкөніс түріне бағаның өсуі Астана, Алматы, Ұлытау, Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында тіркелді.
Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков атап өткендей, егістіктен алынған жаңа өнімнің бағасы қазір тұрақсыз және күн сайын өзгеріп отырады. Дегенмен әкімдіктердің ерте шығатын өнімге форвардтық келісімшарттарды уақтылы жасасуы баға ауытқуларын реттей алады.
Алматыда әлеуметтік өнімдерді жеткізу жағдайына ерекше назар аударылды. Бұл қала бүкіл ел бойынша азық-түлік инфляциясының индексін қалыптастыруға ең үлкен әсер ететін аймақтардың қатарында бірінші тұр. Одан кейін Астана мен Шымкент келеді.
Алматының базарларын тұрақты бағадағы өніммен толтыру үшін көкөністерді тікелей жеткізушілер аздық етеді. Осыған байланысты Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы министрлігінің алдына жақын маңдағы облыстардан көкөністерге кепілдік беретін жеткізушілерді республикалық маңызы бар үш қалаға бекіту міндетін қойды. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар үздіксіз жеткізу кепілдігін қамтамасыз етуі тиіс.
Кеңес қорытындысы бойынша вице-премьер әкімдіктерге бағаны тұрақтандыру мәселелері бойынша ӘКК жұмысын қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Атап айтқанда, 2025 жылдың маусымаралық кезеңінде қазақстандықтарды тұрақты бағадағы көкөніспен қамтамасыз ету үшін 2024 жылғы 1 тамызға дейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен өнім сатып алуды қаржыландыру қажет.