Астана әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарына ерекше сыйлық жасады

© Sputnik / Владислав ВодневГородской транспорт
Городской транспорт - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2024
Жазылу
Астаналықтар Құрбан айттың бірінші күні қоғамдық көлікте тегін жүреді
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Астана әкімдігі Құрбан айт мерекесінің бірінші күні қоғамдық көлікті тегін жүргізуге шешім қбылдады, деп хабарлады "City Transportation Systems" ЖШС.
"Астана қаласы әкімдігінің шешімімен алдағы Құрбан айт мерекесінде, 16 маусымда елорданың қоғамдық көлігінде (қалалық және қала маңы бағдарлары) жол жүру тегін болады", - деп жазылған хабарламада.
Компанияның мәліметінше қоғамдық көлік жұмысы сағат 06:00 басталады.

Түнгі №№ 201, 202, 203 бағдарларында да маусымның 15-нен 16-сына қараған түні жол жүру тегін болады.Түнгі бағдарлардың қозғалысын "Avtobys" мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады.
құрбан шалу - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2024
Құрбан айт: құрбандық шалудың негізгі шарттары
Жаңалықтар
0