https://sputnik.kz/20240609/turkistan-oblysynda-qulpynay-osirushiler-kobeydi-44861129.html
Түркістан облысында құлпынай өсірушілер көбейді
Түркістан облысында құлпынай өсірушілер көбейді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 9 маусым - Sputnik. Түркістан облысында мал баққан ел жылыжай салып, диқаншылыққа бет бұра бастады, деп хабарлайды 24KZ. 09.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-09T18:47+0500
2024-06-09T18:47+0500
2024-06-09T18:47+0500
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/old/884/02/8840239_0:160:3076:1890_1920x0_80_0_0_1097279ddacbf48784338db7284c20ae.jpg
АЛМАТЫ, 9 маусым - Sputnik. Түркістан облысында мал баққан ел жылыжай салып, диқаншылыққа бет бұра бастады, деп хабарлайды 24KZ.Түркістан облысының Бәйдібек ауданының тұрғындары негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Енді бау-бақша, көкөніс дақылдарын егіп жатыр. Соның бірі Қошқарата ауылының тұрғыны Азамат Бекдәулетұлы тау бөктерінде құлпынай өсіріп отыр. Ол 4 жылдан бері бақша, көкөніс дақылдарын егумен айналысады. Былтыр құлпынайдың 15 мың түп көшетін еккен. Күздің күні алғашқы өнімін жинап алса, биыл екінші рет өнім алды.Бәйдібек ауданы таулы, ауа райы қолайсыз болғандықтан, шаруа көшеттің суыққа төзімді сұрпын еккен. Алғашқы терімде күніне 200 келідей өнім алған. Құлпынай дәмді әрі дәруменге бай. Ешқандай қоспасыз, табиғи жолмен өсірілген. Ол үшін тынбай ізденіп, білмегенін үйреніп, білікті мамандардың тәжірибесіне сүйеніпті.Диқан алқапты тамшылатып суарады. "Табиғи өнімге нарықта сұраныс жоғары", – дейді ол.Өнімін берісі Шымкент, арысы Алматы мен Өскеменге жөнелтіп жатыр. Ал жергілікті әкімдік қолдауға көрсетуге дайын."Бізге өтініш жасап, қазір 2 гектар жер қосымша тағы беріп жатырмыз. Үлкейтемін, жылыжай саламын деп жатыр. Біз қуанып жатырмыз. Елдің бәрі. Бізге ең алдымен осындай бастайтын азаматтар керек қой. Ел көзімен көргеннен кейін құлшыныс болып, қазір жастар қозғалып жатыр. Осы құлпынай басталғалы ері бау-бақша егеміз деп 12 азамат жер сұрап, оларға 20 гектар жер бердік", - дейді Борлысай ауылдық округінің әкімі Ғалым Шабдезім.Жалпы Түркістан облысында құлпынай өсірушілер көбейді. Сарыағаштық диқандар құлпынай шаруашылығына заманауи технологияны енгізді. Өңірде қазір 250-ден астам шаруашылық құлпынай өсірумен айналысады. Олар өткен жылы мың тоннадан астам өнім жинады. Дегенмен еліміз әлі де Қырғыстан мен Өзбекстаннан келетін импортқа тәуелді.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/884/02/8840239_173:0:2904:2048_1920x0_80_0_0_3c09b1a8faaf3d1231e39233cf8dcf2d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы
АЛМАТЫ, 9 маусым - Sputnik. Түркістан облысында мал баққан ел жылыжай салып, диқаншылыққа бет бұра бастады, деп хабарлайды
24KZ. Түркістан облысының Бәйдібек ауданының тұрғындары негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Енді бау-бақша, көкөніс дақылдарын егіп жатыр. Соның бірі Қошқарата ауылының тұрғыны Азамат Бекдәулетұлы тау бөктерінде құлпынай өсіріп отыр. Ол 4 жылдан бері бақша, көкөніс дақылдарын егумен айналысады. Былтыр құлпынайдың 15 мың түп көшетін еккен. Күздің күні алғашқы өнімін жинап алса, биыл екінші рет өнім алды.
Бәйдібек ауданы таулы, ауа райы қолайсыз болғандықтан, шаруа көшеттің суыққа төзімді сұрпын еккен. Алғашқы терімде күніне 200 келідей өнім алған. Құлпынай дәмді әрі дәруменге бай. Ешқандай қоспасыз, табиғи жолмен өсірілген. Ол үшін тынбай ізденіп, білмегенін үйреніп, білікті мамандардың тәжірибесіне сүйеніпті.
"Қыстан үсірмей алып шығу үшін бетіне клеенка жабылады. Бір күн беті жабық болса, екінші күні ашылады. Көп адам сенбеді, әлі күнге дейін ауылдағылардың көбі сенбейді. Бәйдібек ауданында, бізде бұндай нәрсе өсіп шығады деп ешкім ойламады. Өсіріп шығардық. Бұйырған жемісін күнара теріп жатырмыз", - дейді Азамат Бақдәулетұлы.
Диқан алқапты тамшылатып суарады. "Табиғи өнімге нарықта сұраныс жоғары", – дейді ол.
Өнімін берісі Шымкент, арысы Алматы мен Өскеменге жөнелтіп жатыр. Ал жергілікті әкімдік қолдауға көрсетуге дайын.
"Бізге өтініш жасап, қазір 2 гектар жер қосымша тағы беріп жатырмыз. Үлкейтемін, жылыжай саламын деп жатыр. Біз қуанып жатырмыз. Елдің бәрі. Бізге ең алдымен осындай бастайтын азаматтар керек қой. Ел көзімен көргеннен кейін құлшыныс болып, қазір жастар қозғалып жатыр. Осы құлпынай басталғалы ері бау-бақша егеміз деп 12 азамат жер сұрап, оларға 20 гектар жер бердік", - дейді Борлысай ауылдық округінің әкімі Ғалым Шабдезім.
Жалпы Түркістан облысында құлпынай өсірушілер көбейді. Сарыағаштық диқандар құлпынай шаруашылығына заманауи технологияны енгізді. Өңірде қазір 250-ден астам шаруашылық құлпынай өсірумен айналысады. Олар өткен жылы мың тоннадан астам өнім жинады. Дегенмен еліміз әлі де Қырғыстан мен Өзбекстаннан келетін импортқа тәуелді.