Су тасқыны: Ақмола облысында 273 үйдің құрылысы басталды

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Премьер Олжас Бектенов в Атырау
Премьер Олжас Бектенов в Атырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2024
Жазылу
Ақмола облысында 1 281 нысанға техникалық зерттеу жүргізілген
АСТАНА, 9 маусым - Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынының зардаптарын жою процесін бақылауда, деп хабарлайды ведомство.
​Министрліктің ахуалдық орталығының мәліметінше, Ақмола облысында 1 281 нысанға техникалық зерттеу жүргізілген. Зерттеу нәтижелері бойынша келесі шаралар жоспарланған:
333 тұрғын үй құрылысы;
219 тұрғын үй сатып алу;
729 тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу.
​Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарғаарналған 333 үйді салу жоспарланған болса, 273-інің құрылысы басталып кетті. 219 үйдің 123-і сатып алынды. Сондай-ақ, 729 үйдің барлығында жөндеу жұмыстары басталды.
​Атбасар қаласында 165 зардап шеккен азаматтарға үшкөпқабатты тұрғын үйдің ауқымды құрылысы басталды. Сондай-ақ, 76 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 30-ы сатып алынды. Жөндеу жұмыстарының болжамды аяқталу мерзімі – жаздың соңы, жаңа үйлердің құрылысы қазанайында.
Здание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2024
Олжас Бектенов біржолғы өтемақы төлеуді осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырды
Жаңалықтар
0