Қарағанды облысында жол апатынан бес адам қаза болды

© Photo : Рixabay/Kira Hoffmann Трещины на стекле, архивное фото
Трещины на стекле, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2024
Жазылу
АЛМАTЫ, 9 маусым - Sputnik. Қарағанды облысы "Қызылорда-Павлодар" автожолының 931 шақырымында қайғылы жол апаты болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
8 маусым сағат 22.23 шамасында "Қызылорда-Павлодар" автожолының 931 шақырымында "Ауди", "Шевроле Кобальт" және "Тойота Превиа" үш автокөлігі соқтығысқан.
"Жол апатынан 4 жолаушы мен 22 жастағы "Шевроле Кобальт" автокөлігінің жүргізушісі қайтыс болды. "Ауди" автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі, оның 17 жастағы жолаушысы және "Тойота Превиа" автокөлігінің 39 жастағы жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді", - дейді ведомство.
Қылмыстық іс қозғалып, сараптама жасалып жатыр.
Жаңалықтар
0