Түркістан облысында өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстырған тұрғын 12 млн талап еткен

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках, архивное фото
Деньги в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2024
Жазылу
Тексеріс шараларын тоқтатуға уәде берген азамат 6 млн теңге көлемінде пара алып жатқан кезінде қолға түсті
АЛМАТЫ, 8 маусым - Sputnik. Түркістан облысында өзін арнайы қызмет қызметкерімін деп таныстырып, 12 млн теңге пара талап еткен адам ұсталды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Ол өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерімін деп таныстырған. Жалған қызметкер экономикалық тергеу департаментінің және ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тексеруін тоқтатамын деп пара беруге итермелеген.
"Келісілген ақшалай сыйақы сомасы 12 млн теңге, оның жартысын алған кезде күдікті ұсталды. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз", - деп жазды ведомство.
Куәгерлерге анонимді қалуына кепілдік беріледі, дейді агенттік.
Жаңалықтар
0