https://sputnik.kz/20240608/tegin-tamaq-sululyq-salony-fitnes-zhumangarin-qalaga-bergisiz-auylga-bardy-44854511.html
Тегін тамақ, сұлулық салоны, фитнес: Жұманғарин қалаға бергісіз ауылға барды
Тегін тамақ, сұлулық салоны, фитнес: Жұманғарин қалаға бергісіз ауылға барды
Sputnik Қазақстан
Үкімет басшысының орынбасары Родина ауылында Ақмола облысының аграршыларымен кездесті 08.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-08T20:48+0500
2024-06-08T20:48+0500
2024-06-08T20:48+0500
сүт өнімдері
ақмола облысы
https://sputnik.kz/img/07e8/06/08/44854346_0:0:1460:821_1920x0_80_0_0_5f11e1c814a5a001a208a7ab519e4132.jpg
АСТАНА, 8 маусым– Sputnik. Вице-премьер Серік Жұманғарин Ақмола облысындағы Родина ауылындаболып, күніне80-90 тонна сүт өнімін өндіретін агрофирманың жұмысымен танысты, деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты."Родина" агрофирмасы сүт өнімдерін өндірудің толық циклінжолға қойып, "Қалаға бергісіз ауыл" тұжырымдамасын іске асырып отыр.Екі мыңға жуық адам тұратын ауылда қаладағы инфрақұрылымның барлығы бар: жайлы үйлер, кең көшелер, демалыс саябағы, азық-түлікті екі түрлі бағамен сататын супермаркет (ауылдағы қызметкерлер мен келушілер үшін), сұлулық салоны, мейрамхана, шағын дәмхана, фитнес, жел генераторлары және т.б.Қазіргі таңда агрофирмада ауданы 2,9 мың шаршы метр болатын сиыр сауатын жаңа алаң салыныпжатыр. Бұл сүт өндірісін екі есеге арттыруға мүмкіндік береді.Сондай-ақ "Родина" ауылында Серік Жұманғаринге облыстағы көктемгі егіс жұмыстарының барысы және шегірткеге қарсы жерді өңдеу шаралары туралы баяндалды. Вице-премьер Ақмола облысының ірі ауыл шаруашылығы өндірушілерімен де кездесті.Кездесуде екі фермер өз қажеттіліктері үшін инертті материалдарды сатып алудың қиындығы мәселесін көтерді, ол үшін арнайы рұқсат алу қажет. Оларды сатып алу тәртібін жеңілдету мүмкін бе деген сұрақ қызықтырды.Серік Жұманғарин бұл мәселені келесі аптада өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өкілдерінің қатысуымен өтетін кеңесте қарауды тапсырды.Сондай-ақ ірі ауыл шаруашылығы өндірушілері мен шаруа қожалықтары арасындағы жер салығы мөлшеріндегі үлкен айырмашылық проблемасы айтылды. Бұл ретте олар тыңайтқыштарға, техникаға және т. б. субсидияларды бірдей алады. Фермерлер сонымен қатар халықаралық тәжірибе негізінде субсидиялар алу үшін стандарттарды әзірлеу қажеттгін атап өтті.
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/08/44854346_182:0:1278:822_1920x0_80_0_0_fb419c0600739b036a2d2d4f93e1016c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сүт өнімдері, ақмола облысы
сүт өнімдері, ақмола облысы
Тегін тамақ, сұлулық салоны, фитнес: Жұманғарин қалаға бергісіз ауылға барды
Үкімет басшысының орынбасары Родина ауылында Ақмола облысының аграршыларымен кездесті
АСТАНА, 8 маусым– Sputnik. Вице-премьер Серік Жұманғарин Ақмола облысындағы Родина ауылындаболып, күніне80-90 тонна сүт өнімін өндіретін агрофирманың жұмысымен танысты, деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты.
"Родина" агрофирмасы сүт өнімдерін өндірудің толық циклінжолға қойып, "Қалаға бергісіз ауыл" тұжырымдамасын іске асырып отыр.
Екі мыңға жуық адам тұратын ауылда қаладағы инфрақұрылымның барлығы бар: жайлы үйлер, кең көшелер, демалыс саябағы, азық-түлікті екі түрлі бағамен сататын супермаркет (ауылдағы қызметкерлер мен келушілер үшін), сұлулық салоны, мейрамхана, шағын дәмхана, фитнес, жел генераторлары және т.б.
"Балабақшадағы балалар мен мектеп оқушылары тегін тамақтанады. Сүт зауыты жұмысшыларының орташа жалақысы 330 мың теңгені құрайды. Кәсіпорын өнімнің негізгі бөлігін елорда нарығына жеткізеді", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі таңда агрофирмада ауданы 2,9 мың шаршы метр болатын сиыр сауатын жаңа алаң салыныпжатыр. Бұл сүт өндірісін екі есеге арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ "Родина" ауылында Серік Жұманғаринге облыстағы көктемгі егіс жұмыстарының барысы және шегірткеге қарсы жерді өңдеу шаралары туралы баяндалды. Вице-премьер Ақмола облысының ірі ауыл шаруашылығы өндірушілерімен де кездесті.
Кездесуде екі фермер өз қажеттіліктері үшін инертті материалдарды сатып алудың қиындығы мәселесін көтерді, ол үшін арнайы рұқсат алу қажет. Оларды сатып алу тәртібін жеңілдету мүмкін бе деген сұрақ қызықтырды.
Серік Жұманғарин бұл мәселені келесі аптада өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өкілдерінің қатысуымен өтетін кеңесте қарауды тапсырды.
"Басқа фермерлер тиімді және ұтымды пайдалану қағидатын сақтай отырып, ауылшаруашылық жерлерінің максималды көлемін ұлғайту бағытында қайта қарауды сұрады", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ ірі ауыл шаруашылығы өндірушілері мен шаруа қожалықтары арасындағы жер салығы мөлшеріндегі үлкен айырмашылық проблемасы айтылды. Бұл ретте олар тыңайтқыштарға, техникаға және т. б. субсидияларды бірдей алады. Фермерлер сонымен қатар халықаралық тәжірибе негізінде субсидиялар алу үшін стандарттарды әзірлеу қажеттгін атап өтті.