https://sputnik.kz/20240608/shymkentte-kopir-qulady--44852245.html
Шымкентте көпір құлады
Шымкентте көпір құлады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 8 маусым - Sputnik. Шымкент қаласы Тұран ауданындағы Бадам өзені арқылы өтетін автожол көпірі құлады, деп хабарлайды Шымкент қаласы төтенше жағдайлар... 08.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-08T14:18+0500
2024-06-08T14:18+0500
2024-06-08T14:18+0500
шымкент
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/10/39389884_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_18dff22deac189785f1a3838eda68429.jpg
АЛМАТЫ, 8 маусым - Sputnik. Шымкент қаласы Тұран ауданындағы Бадам өзені арқылы өтетін автожол көпірі құлады, деп хабарлайды Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.7 маусым сағат 11:45-те көпірдің тірек қадаларын су шайып кеткен. Мамандардың айтуынша, бұған қатты жауын себеп болған.Қазір көпір жабық."7 маусым 22:00-дегі жағдай бойынша көпір тірегі 1 метрге шөккен, көпір бойынша қозғалыс барлығына жабық, ескерту белгілері қойылды. Бұл көпір арқылы Шымкент қаласынан 5000 тұрғыны бар Жаңаталап тұрғын алабына қозғалыс жүзеге асырылған. Тиісті қызметтер оқиға орнында", - дейді төтенше жағдайлар департаменті.Құтқарушылардың айтуынша, қираған көпірден 1,5 шақырым жерде қосымша автокөлік жолы бар.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/10/39389884_150:0:1050:675_1920x0_80_0_0_3d75c2371955a07bf9ee77efc9a6e5cf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент
АЛМАТЫ, 8 маусым - Sputnik. Шымкент қаласы Тұран ауданындағы Бадам өзені арқылы өтетін автожол көпірі құлады, деп хабарлайды Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
7 маусым сағат 11:45-те көпірдің тірек қадаларын су шайып кеткен. Мамандардың айтуынша, бұған қатты жауын себеп болған.
"Қатты жауын-шашын салдарынан секундына 49.5 текше метр судан өзен арнасы көтерілді. Көпірден 100-120 м. төменде су шайды. Қазіргі уақытта өзендегі су 15.3 текше метрге дейін төмендеді. Оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстарына жергілікті атқару органдарынан 20 адам және 5 техника, төтенше жағдайлар департаментінен 5 адам және 2 техника жұмылдырылды", - дейді ведомство.
"7 маусым 22:00-дегі жағдай бойынша көпір тірегі 1 метрге шөккен, көпір бойынша қозғалыс барлығына жабық, ескерту белгілері қойылды. Бұл көпір арқылы Шымкент қаласынан 5000 тұрғыны бар Жаңаталап тұрғын алабына қозғалыс жүзеге асырылған. Тиісті қызметтер оқиға орнында", - дейді төтенше жағдайлар департаменті.
Құтқарушылардың айтуынша, қираған көпірден 1,5 шақырым жерде қосымша автокөлік жолы бар.