https://sputnik.kz/20240608/qazaqstan-intervidenie-bayqauyna-qatysady-44852757.html
Қазақстан "Интервидение" байқауына қатысады
Қазақстан "Интервидение" байқауына қатысады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 маусым - Sputnik. Қазақстан Бразилия, Қытай және Орталық Азия мен ТМД-ның басқа да елдерін қоса алғанда 15 мемлекетпен бірге "Интервидение" музыкалық... 08.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-08T14:57+0500
2024-06-08T14:57+0500
2024-06-08T14:57+0500
форум
https://sputnik.kz/img/608/21/6082186_0:99:2017:1233_1920x0_80_0_0_e5db2e40b320c4882e8debabbd448c99.jpg
АСТАНА, 8 маусым - Sputnik. Қазақстан Бразилия, Қытай және Орталық Азия мен ТМД-ның басқа да елдерін қоса алғанда 15 мемлекетпен бірге "Интервидение" музыкалық байқауына қатысады.Бұл туралы Ресей президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкой Петербург халықаралық экономикалық форумы алаңында РИА Новостиге берген сұхбатында айтты.Оның айтуынша, байқау осы жылдың соңында немесе келесі жылдың басында өтеді.""Интервидение" осы жылдың соңында немесе келесі жылдың басында өтеді. Қазірдің өзінде қызығушылық артып келеді. Менің білуімше, бұл байқауға Латын Америкасы, Орталық Азия, ТМД елдері және кейбір жекелеген еуропалық мемлекеттер де қызығушылық танытуда", - деп атап өтті ол.Швыдкойдың айтуынша, ҚХР, Беларусь, Әзербайжан, Куба және Бразилия байқауға қатысатынын растаған."16-дан астам мемлекет өздерінің байқауға қатысатынын растады. Және олар біз белсенді жұмыс істейтін елдер емес", - деді Ресейдің арнайы өкілі.Өткен жылдың қараша айында Ресейдің мәдениет министрі Ольга Любимова Санкт-Петербург халықаралық мәдени форумы аясында ресми шетелдік делегациялардың басшыларымен кездесуде әріптестеріне "Интервидение" музыкалық байқауын өткізуді ұсынды.Ресей президентінің арнайы өкілі сондай-ақ БРИКС, ШЫҰ және ТМД елдері 2025 жылы "Еуразиялық кино сыйлық" байқауына қатысатынын айтты."Еуразиялық кино сыйлығы" келесі жылы өтеді. Оған ШЫҰ елдері, ТМД елдері және БРИКС елдері қатысады", - деді Швыдкой.Оның пікірінше, мәдениет саласындағы халықаралық қатынастар саяси элиталардың емес, қарапайым халықтың арасындағы қарым-қатынас болады."Дипломатиялық ведомство және президент дос емес мемлекеттер туралы айтады. Бірақ Ресей президенті дос емес халық жоқ екенін айтады - бұл өте маңызды", - деп атап өтті Швыдкой.Швыдкой Ресейдің есігі барлық елмен ынтымақтастық үшін ашық екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ресей мәдениеті әлемге зорлық-зомбылық емес, әрқашан махаббатты дәріптейді."Біз ешқашан мәдениет пен руханият саласында күш қолданған емеспіз, біз махаббатты ғана дәріптейміз. Өйткені мәдени қарым-қатынас зорлық-зомбылықпен емес, махаббатпен байланысты қарым-қатынас. Бұл өте маңызды", - деді ол.Петербург халықаралық экономикалық форумы (ПМЭФ) 5-8 маусым аралығында өтіп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/608/21/6082186_120:0:1896:1332_1920x0_80_0_0_48ef242e0a2f372ff74e4bc455d10724.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
форум
АСТАНА, 8 маусым - Sputnik. Қазақстан Бразилия, Қытай және Орталық Азия мен ТМД-ның басқа да елдерін қоса алғанда 15 мемлекетпен бірге "Интервидение" музыкалық байқауына қатысады.
Бұл туралы Ресей президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкой Петербург халықаралық экономикалық форумы алаңында РИА Новостиге берген сұхбатында айтты.
Оның айтуынша, байқау осы жылдың соңында немесе келесі жылдың басында өтеді.
""Интервидение" осы жылдың соңында немесе келесі жылдың басында өтеді. Қазірдің өзінде қызығушылық артып келеді. Менің білуімше, бұл байқауға Латын Америкасы, Орталық Азия, ТМД елдері және кейбір жекелеген еуропалық мемлекеттер де қызығушылық танытуда", - деп атап өтті ол.
Швыдкойдың айтуынша, ҚХР, Беларусь, Әзербайжан, Куба және Бразилия байқауға қатысатынын растаған.
"16-дан астам мемлекет өздерінің байқауға қатысатынын растады. Және олар біз белсенді жұмыс істейтін елдер емес", - деді Ресейдің арнайы өкілі.
Өткен жылдың қараша айында Ресейдің мәдениет министрі Ольга Любимова Санкт-Петербург халықаралық мәдени форумы аясында ресми шетелдік делегациялардың басшыларымен кездесуде әріптестеріне "Интервидение" музыкалық байқауын өткізуді ұсынды.
Ресей президентінің арнайы өкілі сондай-ақ БРИКС, ШЫҰ және ТМД елдері 2025 жылы "Еуразиялық кино сыйлық" байқауына қатысатынын айтты.
"Еуразиялық кино сыйлығы" келесі жылы өтеді. Оған ШЫҰ елдері, ТМД елдері және БРИКС елдері қатысады", - деді Швыдкой.
Оның пікірінше, мәдениет саласындағы халықаралық қатынастар саяси элиталардың емес, қарапайым халықтың арасындағы қарым-қатынас болады.
"Дипломатиялық ведомство және президент дос емес мемлекеттер туралы айтады. Бірақ Ресей президенті дос емес халық жоқ екенін айтады - бұл өте маңызды", - деп атап өтті Швыдкой.
Швыдкой Ресейдің есігі барлық елмен ынтымақтастық үшін ашық екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ресей мәдениеті әлемге зорлық-зомбылық емес, әрқашан махаббатты дәріптейді.
"Біз ешқашан мәдениет пен руханият саласында күш қолданған емеспіз, біз махаббатты ғана дәріптейміз. Өйткені мәдени қарым-қатынас зорлық-зомбылықпен емес, махаббатпен байланысты қарым-қатынас. Бұл өте маңызды", - деді ол.
Петербург халықаралық экономикалық форумы (ПМЭФ) 5-8 маусым аралығында өтіп жатыр.