https://sputnik.kz/20240607/qyrkuyekten-bastap-11-zhastagy-qyzdarga-vaktsina-egu-nauqany-bastalady-44811242.html
Қыркүйектен бастап 11 жастағы қыздарға вакцина егу науқаны басталады
Қыркүйектен бастап 11 жастағы қыздарға вакцина егу науқаны басталады
Sputnik Қазақстан
Қазақстан жатыр мойны обырын 90%-ға төмендетуді жоспарлап отыр 07.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-07T08:00+0500
2024-06-07T08:00+0500
2024-06-07T08:00+0500
қатерлі ісік
https://sputnik.kz/img/07e5/05/0d/17045878_0:159:3078:1890_1920x0_80_0_0_207efd1480cf4fa1acfa10a52f437db5.jpg
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Қыркүйек айында қыздарды адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы міндетті вакцинациялау басталады. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жатыр мойны обырын жоюға бағытталған Қазақстанның көшбасшы әйелдерінің дөңгелек үстелін ашу барысында айтты.Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, оның 600-і өлімге әкеледі.ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі Скендер Сыланың айтуынша, ұйым 2030 жылға қарай 15 жасқа дейінгі қыздардың 90%-ын жоспарлы АПВ-ға қарсы вакцинациялауды ұсынып отыр."Бұл оңай шаруа емес. Бірақ бізде басқа елдердің сәтті мысалдары бар, әсіресе Аустралияның тәжірибесін атап өткім келеді, онда вакцинациялаудың арқасында жатыр мойны обырының жаңа жағдайлары анықталған жоқ", - дейді ДДҰ өкілі.Қазақстан биыл АПВ-ға қарсы иммундау бағдарламасы жоспарлы негізде енгізілген әлемнің 135 елінің қатарына енді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/0d/17045878_174:0:2905:2048_1920x0_80_0_0_3d5f3363b849528ba057d691b901f3c3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қатерлі ісік
Қыркүйектен бастап 11 жастағы қыздарға вакцина егу науқаны басталады
Қазақстан жатыр мойны обырын 90%-ға төмендетуді жоспарлап отыр
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Қыркүйек айында қыздарды адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы міндетті вакцинациялау басталады. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жатыр мойны обырын жоюға бағытталған Қазақстанның көшбасшы әйелдерінің дөңгелек үстелін ашу барысында айтты.
"Вакцинациялау 11 жастағы қыздарға 6 ай аралықпен екі рет жасалады. Бүгін вакцина сатып алынды. Қаржы үкімет резервінен бөлінді. Ол тегін жүргізіледі", - деді министр.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, оның 600-і өлімге әкеледі.
ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі Скендер Сыланың айтуынша, ұйым 2030 жылға қарай 15 жасқа дейінгі қыздардың 90%-ын жоспарлы АПВ-ға қарсы вакцинациялауды ұсынып отыр.
"Бұл оңай шаруа емес. Бірақ бізде басқа елдердің сәтті мысалдары бар, әсіресе Аустралияның тәжірибесін атап өткім келеді, онда вакцинациялаудың арқасында жатыр мойны обырының жаңа жағдайлары анықталған жоқ", - дейді ДДҰ өкілі.
Қазақстан биыл АПВ-ға қарсы иммундау бағдарламасы жоспарлы негізде енгізілген әлемнің 135 елінің қатарына енді.