Қазақстан мен Ресей газ транзиті туралы шартқа қол қойды

© PhotoПодписаны договоры по транспортировке российского газа через территорию Казахстана
Подписаны договоры по транспортировке российского газа через территорию Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2024
Жазылу
Шартқа қол қою Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында өтті
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. QazaqGaz ұлттық компаниясының басшысы Санжар Жаркешов пен "Газпром" басқарма төрағасы Алексей Миллер Ресей газын Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстан мен Қырғызстан бағытында тасымалдау бойынша ұзақ мерзімді шарттарға қол қойды, деп хабарлады ресейлік компанияның баспасөз қызметі.
Келісімшарттар 2025-2040 жылдарға арналған.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, құжаттарда "Орта Азия – Орталық" магистральдық газ құбырлары жүйесі базасында арнайы бөлінген маршрутты кеңейту, сондай-ақ Қазақстан аумағында газ тасымалдау қуаттарын дамыту жөніндегі басқа да жобаларды іске асыру туралы айтылады.
Бұған дейін Қазақстанның бірінші вице-премьері Роман Скляр мен Алексей Миллер Ресей газын Өзбекстанға тасымалдауды ұлғайту үшін "Орта Азия – Орталық – IV" магистральдық газ құбыры объектілерін дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойған еді.
Жаңалықтар
0