https://sputnik.kz/20240607/en-soraqy-zhagday-endi-bastalady-buu-bas-khatshysy-dabyl-qaqty-44820452.html
"Ең сорақы жағдай енді басталады": БҰҰ бас хатшысы дабыл қақты
"Ең сорақы жағдай енді басталады": БҰҰ бас хатшысы дабыл қақты
Sputnik Қазақстан
Жаһандық жылыну аяқталып, жаһандық қайнау басталды деп мәлімдеді Гутерриш 07.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-07T09:21+0500
2024-06-07T09:21+0500
2024-06-07T09:21+0500
жаһандық жылыну
бұұ
https://sputnik.kz/img/07e7/07/05/36564860_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_877674ddc2d8cc0e50b1ee1f77b79583.jpg
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Кейінгі бір жыл әлем тарихындағы ең ыстық мезгіл болды.Мексикада бұрын-соңды болмаған оқиға болды. Соңғы үш күн тұрғындар қатты ыстықтан жапа шекті. Жоғары температурадан 61 адам қайтыс болып, 160 маймыл қырылып қалды. Температура әлі де жоғарылайды деп болжанып отыр, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.Ал Үндістанда ыстықтан 200 адам көз жұмды. Дәрігерлер олардың саны алдағы уақытта 25 мыңға жетуі мүмкін дейді. Бұл мемлекетте ауа температурасының жоғарылауы наурыз айында байқала бастаған. Сол кездің өзінде сынап бағанасы 50 градусты көрсеткен еді.Америкалық синоптиктер жергілікті тұрғындарға "өмірге аса қауіпті аптап ыстық келе жатыр" деп қазірден дабыл қағуға кіріскен. Метеорологтар 34 млн тұрғынның өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін екенін айтады. Олардың дәл бұлай даурығуына себеп бар. Былтыр АҚШ-та кейінгі 45 жылдағы ең жоғары температура тіркеліп, ыстықтан 2300-ден адам ажал құшқан еді."Климаттық өзгеріс деген осы. Қорқыныштысы, ең сорақы жағдай енді басталады. Жаһандық жылыну аяқталды. Жаһандық қайнау басталды", - дейді БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/05/36564860_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_368a5e4e9e1e15a52b2739a8bb5dd1db.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жаһандық жылыну, бұұ
"Ең сорақы жағдай енді басталады": БҰҰ бас хатшысы дабыл қақты
Жаһандық жылыну аяқталып, жаһандық қайнау басталды деп мәлімдеді Гутерриш
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Кейінгі бір жыл әлем тарихындағы ең ыстық мезгіл болды.
Мексикада бұрын-соңды болмаған оқиға болды. Соңғы үш күн тұрғындар қатты ыстықтан жапа шекті. Жоғары температурадан 61 адам қайтыс болып, 160 маймыл қырылып қалды. Температура әлі де жоғарылайды деп болжанып отыр, деп хабарлады "
Астана" телеарнасы.
Ал Үндістанда ыстықтан 200 адам көз жұмды. Дәрігерлер олардың саны алдағы уақытта 25 мыңға жетуі мүмкін дейді. Бұл мемлекетте ауа температурасының жоғарылауы наурыз айында байқала бастаған. Сол кездің өзінде сынап бағанасы 50 градусты көрсеткен еді.
"Кейінгі 12 ай ең ыстық уақыт болды. Мұндай жағдай бұрын болған емес. Бұл оқиғаға бей-жай қарауға болмайды. Сақтық қажет", - дейді Климаттық өзгеріс қызметінің директоры Карло Буонтемпо.
Америкалық синоптиктер жергілікті тұрғындарға "өмірге аса қауіпті аптап ыстық келе жатыр" деп қазірден дабыл қағуға кіріскен. Метеорологтар 34 млн тұрғынның өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін екенін айтады. Олардың дәл бұлай даурығуына себеп бар. Былтыр АҚШ-та кейінгі 45 жылдағы ең жоғары температура тіркеліп, ыстықтан 2300-ден адам ажал құшқан еді.
"Климаттық өзгеріс деген осы. Қорқыныштысы, ең сорақы жағдай енді басталады. Жаһандық жылыну аяқталды. Жаһандық қайнау басталды", - дейді БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш.