ЕАЭО Еуразиялық экономикалық интеграцияның жаңа кезеңінде – ЕЭК басшысы

© Photo : Пресс-служба ЕЭКСессия "10 лет ЕАЭС – эффекты, приоритеты, перспективы" на ПМЭФ
Сессия 10 лет ЕАЭС – эффекты, приоритеты, перспективы на ПМЭФ - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2024
Жазылу
Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына ЕЭК Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев та қатысты
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев XXVII Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясындағы "ЕАЭО-ның 10 жылдығы: нәтижесі, басымдығы, перспективасы" сессиясында сөз сөйледі, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі.
Сағынтаевтың айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ мерейтойға айтарлықтай нәтижелермен жақындап келеді.
"ЕАЭО-ның жалпы ішкі өнімінің өсімі екі есе өсті және 90 миллиард долларға жуықтады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 43 пайызға артып, 457 миллиард долларға жетті", - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.
ЕЭК Алқасының басшысы атап өткендей, бүгінде интеграциялық бірлестік елдері экономикалық интеграцияның жаңа кезеңінің табалдырығында тұр.
"Біздің мемлекеттер ЕАЭО нарығын негізгі тауарлармен және ресурстармен қамтамасыз етуге, өндірістік және технологиялық тізбектерді, жаңа деңгейдегі көлік-логистикалық кеңістікті, қаржы нарығын қалыптастыруға, сондай-ақ цифрлық трансформация процестерін күшейтуге тиіс", - деді Бақытжан Сағынтаев.
ЕЭК Алқасының төрағасы еуразиялық "бестіктің" халықаралық қызметіне ерекше назар аударып, ЕАЭО экономикалық тартымдылық полюсіне айналуы тиіс екенін атап өтті.
Бұл міндетті орындау үшін негізгі өңірлік интеграциялық бірлестіктермен диалог жалғасуда, сауда келісімдерін жасау жолында келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Бақытжан Сағынтаев келесі жылы мемлекет басшыларының тапсырмасы бойынша "Еуразиялық экономикалық жол декларациясын жүзеге асырудың жол картасы" дайындалатынын айтты. Бұл құжат одақтағы экономикалық процестерді дамытудың 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған векторын белгілейді.
Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына ЕЭК Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев та қатысты.
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2024
ЕАЭО Үлкен Еуразиялық серіктестік құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр
Жаңалықтар
0