https://sputnik.kz/20240607/bektenov-su-tasqynynan-zardap-shekkender-ushin-salyngan-uylerdin-sapasyn-tekserdi-44823285.html
Бектенов су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынған үйлердің сапасын тексерді
Бектенов су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынған үйлердің сапасын тексерді
Sputnik Қазақстан
Маусым айының соңына дейін тағы 47 үй беру жоспарланса, 600 үйдің құрылысы биылғы тамыз айының соңына дейін аяқталады 07.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-07T12:26+0500
2024-06-07T12:26+0500
2024-06-07T12:30+0500
су тасқыны
олжас бектенов
https://sputnik.kz/img/07e8/06/07/44823403_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_64b91b6988229da31f1e5913fbafdeb7.jpg
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов Петропавл қаласындағы Бірлік ықшам ауданында жаңадан бой көтерген үйді аралап, жаңа баспана кілтін алған отбасы мүшелерімен әңгімелесті, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.Өңірде барлығы 700 үй мен 90 орындық балабақша салынып жатыр. Жақында ғана отбасыларға қоныстану үшін 53 үйдің кілті берілді.Маусым айының соңына дейін тағы 47 үй беру жоспарланса, 600 үйдің құрылысы биылғы тамыз айының соңына дейін аяқталады. Бірлік ықшам ауданы қажетті инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілген, топырақты жолдар салынып, серуендеуге және демалуға арналған аймақтарды абаттандыру жүргізіліп жатыр.Салынып жатқан құрастырмалы-қалқанды үйлердің сапасы мен технологиясына ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда 100-ден астам учаскеде іргетас қаланып, конструкциялар құрастырыла бастады, сонымен қатар сумен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.Сондай-ақ сапар барысында Олжас Бектенов қалпына келтіруге болатын үйлерді жөндеу жұмыстарымен танысты.Жұмыстарды 24 мехбригада кезең-кезеңімен орындап жатыр, Петропавл бойынша барлығы 85 осындай құрама бар. Қазіргі таңда едендерді ауыстыру, қабырғаларды сылау, гипс қатырмасын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Сонымен қатар үкімет басшысы меншік иелері өтемақы түрінде төленген қаражатқа өздері жөндеу жұмыстарын жүргізетін жеке тұрғын үйге барды.Олжас Бектенов үкіметтің негізгі міндеті – барлық эвакуацияланған тұрғындарды өз үйіне қайтару екенін атап өтті, бүгінде 64 мың адам өз үйінде тұрып жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/07/44823403_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_d67b5b6ac6a5fd0de517f20d5430b425.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, олжас бектенов
су тасқыны, олжас бектенов
Бектенов су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынған үйлердің сапасын тексерді
12:26 07.06.2024 (жаңартылды: 12:30 07.06.2024) Маусым айының соңына дейін тағы 47 үй беру жоспарланса, 600 үйдің құрылысы биылғы тамыз айының соңына дейін аяқталады
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов Петропавл қаласындағы Бірлік ықшам ауданында жаңадан бой көтерген үйді аралап, жаңа баспана кілтін алған отбасы мүшелерімен әңгімелесті, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
"Солтүстік Қазақстан облысы қаладағы су басқан ықшам аудандардағы үйлердің құрылысын алғашқылардың бірі болып аяқтады. Біздің басты міндетіміз – зардап шеккендердің барлығын суық түскенге дейін үйлеріне көшіру", — деп атап өткен Олжас Бектенов әкімдікке іргелес аумақты абаттандыруды тапсырды.
Өңірде барлығы 700 үй мен 90 орындық балабақша салынып жатыр. Жақында ғана отбасыларға қоныстану үшін 53 үйдің кілті берілді.
Маусым айының соңына дейін тағы 47 үй беру жоспарланса, 600 үйдің құрылысы биылғы тамыз айының соңына дейін аяқталады. Бірлік ықшам ауданы қажетті инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілген, топырақты жолдар салынып, серуендеуге және демалуға арналған аймақтарды абаттандыру жүргізіліп жатыр.
Салынып жатқан құрастырмалы-қалқанды үйлердің сапасы мен технологиясына ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда 100-ден астам учаскеде іргетас қаланып, конструкциялар құрастырыла бастады, сонымен қатар сумен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ сапар барысында Олжас Бектенов қалпына келтіруге болатын үйлерді жөндеу жұмыстарымен танысты.
"Солтүстік Қазақстан облысы – су тасқыны салдарын жоюға механикаландырылған бригадалар тартылған жалғыз өңір. Мәселен, тек Ойқала ықшам ауданында 1 133 үй су басу аймағында болды, оның 309-ы жөндеуді қажет етеді", - деп жазылған хабарламада.
Жұмыстарды 24 мехбригада кезең-кезеңімен орындап жатыр, Петропавл бойынша барлығы 85 осындай құрама бар. Қазіргі таңда едендерді ауыстыру, қабырғаларды сылау, гипс қатырмасын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар үкімет басшысы меншік иелері өтемақы түрінде төленген қаражатқа өздері жөндеу жұмыстарын жүргізетін жеке тұрғын үйге барды.
Олжас Бектенов үкіметтің негізгі міндеті – барлық эвакуацияланған тұрғындарды өз үйіне қайтару екенін атап өтті, бүгінде 64 мың адам өз үйінде тұрып жатыр.