Түркістанға биыл 300 мыңнан астам турист барған

© Sputnik/Ертай СарбасовКеруен сарай. Түркістан
Керуен сарай. Түркістан - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2024
Жазылу
Шетелдік туристер саны 4,3 мың адамға жетіп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 58,1% өсті
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Түркістанға жыл басынан бері 300 мыңнан астам турист келді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қаланың жалпы аумағы соңғы үш жылда 19,6 мың гектардан 22,4 мың гектарға ұлғайып, халық саны 230,2 мыңға жетті.
"Жыл басынан бері Түркістан қаласына келуші зияратшылар мен туристердің саны 326 мың адамнан асып, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 37,6% өсті", - деп жазылған хабарламада.
Шетелдік туристер саны 4,3 мың адамға жетті, яғни өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 58,1% өсті.
Биыл 3 967 түркістандық қоныс тойын тойлайды. Жыл соңына дейін жалпы алаңы 400 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция көлемі 14,5 млрд теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде 16 645 азамат тұр. "Отбасы банк" арқылы 66 көпқабатты тұрғын үйден 3317 пәтер сату жоспарланған.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2024
Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі
Жаңалықтар
0