https://sputnik.kz/20240606/toqaevqa-leonardo-da-vinchi-kartinasynyn-tupnusqasy-korsetildi-44810964.html
Тоқаевқа Леонардо да Винчи картинасының түпнұсқасы көрсетілді
Тоқаевқа Леонардо да Винчи картинасының түпнұсқасы көрсетілді
Sputnik Қазақстан
Президент Ұлттық музейдегі өнер туындылары көрмесін тамашалады 06.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-06T15:24+0500
2024-06-06T15:24+0500
2024-06-06T15:24+0500
қасым-жомарт тоқаев
картина
https://sputnik.kz/img/07e8/06/06/44809700_0:64:1280:784_1920x0_80_0_0_3b50156d3f876b3be9c0ad81aa36cf22.jpg
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Ұлттық музейге арнайы барып, отандық және әлемдік бейнелеу өнері туындыларының көрмесімен танысты, деп хабарлады Ақорда.Президентке өнертанушы Ольга Батурина қазақстандық талантты қылқалам шеберлерінің туындылары жинақталған "Дала кескіндемесі: рәміздер, бояулар, бейнелер" атты көрмені таныстырды.Танымал туындының көрмесі Ұлттық музейдің 10 жылдығына орай Италияның "Scripta Maneant" баспасымен бірлесе ұйымдастырылған. Жоғары Ренессанс дәуіріне жататын бұл құнды жәдігер Еуропадан тысқары жерге алғаш рет шығарылып отыр.Көрме еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Италияның Қазақстандағы елшілігінің және Италия мәдениет институтының қолдауымен өтіп жатыр.Елорда тұрғындары мен қонақтары Леонардо да Винчидің осынау бірегей туындысын 4 тамызға дейін тамашалай алады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/06/44809700_76:0:1205:847_1920x0_80_0_0_61428f793b2d8eb5468fe125992fe9bc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, картина
қасым-жомарт тоқаев, картина
Тоқаевқа Леонардо да Винчи картинасының түпнұсқасы көрсетілді
Президент Ұлттық музейдегі өнер туындылары көрмесін тамашалады
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Ұлттық музейге арнайы барып, отандық және әлемдік бейнелеу өнері туындыларының көрмесімен танысты, деп хабарлады Ақорда.
Президентке өнертанушы Ольга Батурина қазақстандық талантты қылқалам шеберлерінің туындылары жинақталған "Дала кескіндемесі: рәміздер, бояулар, бейнелер" атты көрмені таныстырды.
"Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа әйгілі италиялық суретші Леонардо да Винчидің "Әдемі ханшайым" (La bella principessa) картинасының түпнұсқасы көрсетілді", - деп жазылған хабарламада.
Танымал туындының көрмесі Ұлттық музейдің 10 жылдығына орай Италияның "Scripta Maneant" баспасымен бірлесе ұйымдастырылған. Жоғары Ренессанс дәуіріне жататын бұл құнды жәдігер Еуропадан тысқары жерге алғаш рет шығарылып отыр.
Көрме еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Италияның Қазақстандағы елшілігінің және Италия мәдениет институтының қолдауымен өтіп жатыр.
Елорда тұрғындары мен қонақтары Леонардо да Винчидің осынау бірегей туындысын 4 тамызға дейін тамашалай алады.