Путиннің шетелдік ақпарат агенттіктері басшыларымен кездесуіндегі негізгі мәлімдемелері
10:05 06.06.2024 (жаңартылды: 20:59 06.06.2024)
© Sputnik / Илья Питалев
/ Жазылу
Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербургте әлемдік ақпарат агенттіктерінің басшыларымен кездесу өткізді. 2021 жылдан бері осындай кездесу бірінші рет ұйымдастырылып отыр
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Санкт-Петербургте елдегі ең ірі экономикалық форум ашылды. Оның аясында Владимир Путин әлемдік БАҚ жетекшілерімен кездесті. Оған он бес елдің, оның ішінде Ресеймен тату емес мемлекеттердің әлемдік ақпарат агенттіктерінің басшылары қатысты.
Ресей президенті Владимир Путиннің негізгі тезистері мынандай болды:
Ресей Киевке қару жіберетін елдердің әлсіз нысандарына шабуыл жасалатын аймақтарды қарумен қамтамасыз етуге құқылы.
Батыс нұсқаушылары Украина аумағында бар, олар шығынға ұшырауда, Батыс мұны жасыруды жөн көреді.
АҚШ әкімшілігі Украинадағы мобилизациялау шегін 18 жылға дейін төмендетуді талап етуде.
Ақ үй Зеленскийден құтылуға ниетті, бұл бір жылға созылуы мүмкін, бірақ оны алмастыруға үміткерлер бар.
Украина конституциясында әскери жағдай кезінде президент өкілеттігін ұзарту мүмкіндігі туралы ештеңе айтылмаған, сондықтан Зеленскийдің әрекетін билікті басып алу деп бағалауға болады.
АҚШ Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз етуді тоқтатуы керек, содан кейін қақтығыс екі-үш айда аяқталады.
Ресей әскерилері мен Украина қарулы күштері арасындағы орны толмас шығынның арақатынасы бірден беске тең.
Украинада 1348 ресейлік сарбаз бен офицер, Ресейде 6465 украиналық тұтқында.
Ресей экономикасы өсуде, бірақ экономикалық рейтингтердегі орын мақсат емес, өсу қарқынын сақтау маңызды және бұған қол жеткізілуде.
Ресей НАТО-ға шабуыл жасауды жоспарлап отырған жоқ, бұл туралы барлық мәлімдемелер бос сөз. Ресейде империялық амбициялар жоқ.
Батыспен келіссөз жүргізу үшін Мәскеудің есігі әрқашан ашық, серіктестік мүмкіндігін жоққа шығарып отырған дәл сол америкалықтар, француздар мен британдар.
Сайлаудан кейін құрылатын АҚШ-тың жаңа әкімшілігі ұлттық мүддеге негізделетін болса, қарым-қатынаста өзгерістер болуы мүмкін. Қазір Ақ үй Ресейдің табысқа жетуіне жол бермеуге тырысады.
Қытай Ресейдің негізгі экономикалық серіктесі болып қала береді. Бұл қарым-қатынас жағдайға қарай емес, кезең-кезеңімен қалыптасты.
Германияның қазіргі билігінде ешкім немістердің мүддесін қорғамайды, ондағы экономикалық жағдай қазір күрделі, егер ол одан да төмен түссе, онда бүкіл Еуропа қиналады.
Токионың Мәскеудің стратегиялық жеңіліске жетуіне ұмтылуы бейбіт келісім бойынша диалогты жалғастыруға кедергі болып табылады.