https://sputnik.kz/20240606/byltyr-10-mln-nan-astam-qazaqstandyq-shetelde-demalgan-44815023.html
Былтыр 10 млн-нан астам қазақстандық шетелде демалған
Былтыр 10 млн-нан астам қазақстандық шетелде демалған
Sputnik Қазақстан
12 ай ішінде саяхатшылар қызықты демалыс үшін 268,6 млрд теңгеден астам ақша төлеген 06.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-06T19:12+0500
2024-06-06T19:12+0500
2024-06-06T19:12+0500
туризм
https://sputnik.kz/img/07e5/04/14/16839246_0:0:2787:1569_1920x0_80_0_0_fca1693cbf51fff04c3845e220680483.jpg
АЛМАТЫ, 6 маусым – Sputnik. Қазақстандықтардың басым көпшілігі шетелде демалғанды жөн санайды.ҰҚК Шекара қызметінің деректеріне сәйкес, 2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда басқа елдерде болған қазақстандықтардың саны 10,5 млн адамнан асты, деп жазды Ranking.kz.Бұл өткен жылмен салыстырғанда 37,2%-ке артық. Шетелге саяхаттайтындардың негізгі бөлігі – табысы орташа деңгейден жоғары 26 мен 40 жас аралығындағы жастар.Jusan Analytics зерттеу орталығының деректеріне сәйкес, өткен жылғы көшпелі туристердің жалақысы айына 500 мың теңгеден басталды. Қазақстандықтар ең көп баратын елдер - Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан. Ал алыс елдердің қатарында Түркия, БАӘ және Мысыр көш бастап тұр.Бір қызығы, қазақстандықтар шетелдегі демалысқа жұмсайтын ақшаның жартысынан көбін (57,6%) өз отанында жаратады. Себебі жолдамалар мен билеттер Қазақстан аумағында жұмыс істейтін туроператорлардан сатып алынады. Ақшаның едәуір бөлігі (24,8 млрд теңге) Қазақстан қалаларының қонақ үйлерінде тұруға кетеді. Мұндай шығындар ыстық елдерге өз елді мекенінен емес, жақын немесе астаналық әуежайлардан ұшатын туристерге қатысты.Экономика институты сарапшыларының болжауынша, 2024 жылғы туристік маусым пандемияға дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда керемет нәтижелерге қол жеткізеді. Биыл туризмнің ең танымал 10 бағытына Жапония, Албания, Франция, Мексика және Индонезия кірді.
https://sputnik.kz/20240522/qazaqstan-zhaandyq-turizm-reytinginde-oz-ornyn-zhaqsartty-44477997.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/14/16839246_0:0:2461:1846_1920x0_80_0_0_28f3d9da3b8d499492a95a8a10904474.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туризм
Былтыр 10 млн-нан астам қазақстандық шетелде демалған
12 ай ішінде саяхатшылар қызықты демалыс үшін 268,6 млрд теңгеден астам ақша төлеген
АЛМАТЫ, 6 маусым – Sputnik. Қазақстандықтардың басым көпшілігі шетелде демалғанды жөн санайды.
ҰҚК Шекара қызметінің деректеріне сәйкес, 2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда басқа елдерде болған қазақстандықтардың саны 10,5 млн адамнан асты, деп жазды Ranking.kz.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 37,2%-ке артық. Шетелге саяхаттайтындардың негізгі бөлігі – табысы орташа деңгейден жоғары 26 мен 40 жас аралығындағы жастар.
Jusan Analytics зерттеу орталығының деректеріне сәйкес, өткен жылғы көшпелі туристердің жалақысы айына 500 мың теңгеден басталды. Қазақстандықтар ең көп баратын елдер - Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан. Ал алыс елдердің қатарында Түркия, БАӘ және Мысыр көш бастап тұр.
"Қазақстандықтардың жеке мақсатта шетелде жұмсаған жалпы шығыны өткен жылы 46,3%-ке өскен. 12 ай ішінде саяхатшы азаматтар көлік, тұру, тамақтану және түрлі қызметтер үшін 268,6 млрд теңгеден астам ақша төледі", - деп жазды ақпарат агенттігі.
Бір қызығы, қазақстандықтар шетелдегі демалысқа жұмсайтын ақшаның жартысынан көбін (57,6%) өз отанында жаратады. Себебі жолдамалар мен билеттер Қазақстан аумағында жұмыс істейтін туроператорлардан сатып алынады. Ақшаның едәуір бөлігі (24,8 млрд теңге) Қазақстан қалаларының қонақ үйлерінде тұруға кетеді. Мұндай шығындар ыстық елдерге өз елді мекенінен емес, жақын немесе астаналық әуежайлардан ұшатын туристерге қатысты.
Экономика институты сарапшыларының болжауынша, 2024 жылғы туристік маусым пандемияға дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда керемет нәтижелерге қол жеткізеді. Биыл туризмнің ең танымал 10 бағытына Жапония, Албания, Франция, Мексика және Индонезия кірді.