БРИКС елдерді өзімен-өзі болуға шақырады – Дмитрий Киселев

© Sputnik / Сергей Бобылев / Медиабанкке өтуДмитрий Киселев, генеральный директор международной медиагруппы "Россия сегодня"
Дмитрий Киселев, генеральный директор международной медиагруппы Россия сегодня  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2024
Жазылу
БРИКС сарапшылық форумы Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы (СХЭФ) алаңында өтіп жатыр
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. БРИКС әлем елдерін өзімен-өзі болуға шақырады – ешкім ешкімді ештеңеге мәжбүрлемейді, деді "Россия сегодня" медиа тобының бас директоры Дмитрий Киселев СХЭФ-2024 форумында.
6 маусымда СХЭФ алаңында "Жаңа әлемдік тәртіпті іздеудегі БРИКС-тің рөлі" атты БРИКС сарапшылық форумы өтіп жатыр, сессияларды "Россия сегодня" халықаралық медиа тобы "Синьхуа" агенттігімен бірлесіп ұйымдастырды.
"БРИКС әлемдегі ең тартымды елдерге жай ғана өзімен-өзі болуды ұсынады. Яғни, ешкім ешкімді ешнәрсеге мәжбүрлемейді. Біздің идея – өзіңізбен-өзіңіз болыңыз, одан қысылмаңыз. Біз Сізді осы қалпыңызда қабылдап, дос боламыз, қарым-қатынас жасаймыз. Меніңше адамдар арасында да, елдер арасындағы қарым-қатынаста да ең дұрысы осы", - деді Дмитрий Киселев.
Бұл сессияда Ресей, Бразилия, Қытай, Оңтүстік Африка Республикасы, Сауд Арабиясының өкілдері сөз сөйледі.
Ресей 1 қаңтардан бастап БРИКС-ке бір жылға төраға болды. Ол ұйымға жаңа мүшелердің қосылуымен басталды – Ресей, Бразилия, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африкадан басқа, қазір оның құрамына Мысыр, Эфиопия, Иран, БАӘ және Сауд Арабиясы кіреді.
Акорда. Виды зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2023
Президент "Брикс Плюс" саммитінде бастама көтерді
Жаңалықтар
0