Астана мен Алматы құрылыс саны бойынша көш бастап тұр
13:25 06.06.2024 (жаңартылды: 13:27 06.06.2024)
© Sputnik/Ертай СарбасовСтроительство в Алматы
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Жазылу
АСТАНА, 6 маусым - Sputnik. 2024 жылғы қаңтар-сәуір аралығында 9 597 нысан пайдалануға берілді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәлімдеді.
"2024 жылдың 4 айында орындалған құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 1,2 трлн теңгені құрады, бұл былтырғы жылдың тиісті көрсеткішінен 12,2% артық", - делінген хабарламада.
Орындалған мердігерлік жұмыстардың ішінде құрылыс жұмыстарының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмақ тұрғын емес ғимараттардың құрылысына тиесілі — 24,3%.
Бұдан кейін тұрғын үйлердің құрылысы — 14,9%.
Үштікке жолдар мен автомобиль жолдарының құрылысы да кіреді — бұл жұмыс түрлерінің үлес салмағы 10,9%.
Өңірлер бөлінісінде орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) ең көп көлемі Атырау облысына тиесілі — 268 млрд теңге, алайда бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 6,3% кем. Сондай-ақ орындалған жұмыстар көлемі бойынша Астана (127,4 млрд теңге) және Алматы (118,7 млрд теңге) қалалары көш бастап тұр.
2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында пайдалануға берілген нысандар саны 9 597 бірлікті құрады. Оның ішінде 92% — тұрғын үйлер, 2% — сауда объектілері, 1% — кеңселер, 4% — объектілердің басқа да түрлері.