Қазақстан өзін қантпен 13% ғана қамтамасыз етеді

© Sputnik / Михаил ВоскресенскийҚант
Қант - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2024
Жазылу
Жаз соңына дейін қант экспортына тыйым салу жоспарланып отыр
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Қазақстанда ішкі нарықты қамтамасвз ету үшін экспортқа тыйым салу жоспарланып жатыр, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ведомство жаздың соңына дейін қант экспортына тыйым салу туралы бұйрықтың жобасын дайындап, талқылайды.
Құжатта 2024 жылғы 31 тамызға дейін Қазақстаннан, оның ішінде ЕАЭО елдерінен қатты күйдегі қамыс немесе қызылша қанттарын және химиялық таза сахарозаны әкетуге тыйым салу көзделген.

Қазақстанда қант тапшы ма?

Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарық отандық шикізаттан қант өндіру есебінен 13%-ға ғана қамтамасыз етілгенін атап өтті. Қалғаны қамыс шикізатын өңдеу және ЕАЭО елдерінен дайын қантты жеткізу есебінен толықтырылады (Ресейдің үлесі 57%, Беларусьтің үлесі – 1,5%).
136 мың тонна көлеміндегі қант пен қамыс шикізатының қолда бар қоры 2,5 – 3 айға жетеді.
Бұл ретте 120 мың тонна мөлшеріндегі квотамен Ресейден қант жеткізу Беларусьтен импортты есепке алмағанда, ішкі нарықты қосымша 2,5 айға қамтамасыз етеді.
Жазда қант тұтыну көлемі бірнеше еседі. 2022 жылдың маусымында 63,5 мың тонна қант тұтынылған, тамызда 68,6 мың тонна, 2023 жылы мамыр айында сұраныс 49 мың тоннаға жетті.
Сондай-ақ жыл басынан бері сырттан қантқа сұраныс артып келеді. Мәселен, үш айда 32,9 мың тонна қант экспортталды (2023 жылы – 19 мың тонна), бұл 2023 жылдың жылмен салыстырғанда 70%-ке артық.

Қазақстанды қандай елдер қантпен қамтамасыз етеді

2023 жылы қант импортының көлемі 303 мың тонна болды, оның ішінде:
Ресейден - 288,4 мың тонна;
Беларусьтен -7,8 мың тонна;
Таиландтан - 3,3 мың тонна;
Үндістаннан - 2,3 мың тонна;
Вьетнамнан - 0,7 мың тонна;
ҚХР-дан-0,3 мың тонна жеткізілді.
2024 жылдың екі айында (қаңтар-ақпан) импорт 53,1 мың тонна болды, оның ішінде Ресейден – 52,8 мың тонна, Беларусьтен – 0,3 мың тонна жеткізілді.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, наурыз айында импорт 23,5 мың тонна болды.
Сахарные заводы в Жамбылской области работают на полную мощность - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2024
"Зауыттарға жеткізуде қиындықтар бар": қант қызылшасын өндіретіндер назын айтты
Жаңалықтар
0