https://sputnik.kz/20240605/prezident-zhylyna-18-mynnan-astam-nauqas-emdele-alatyn-meditsina-ortalygyna-bardy-44793932.html
Президент жылына 18 мыңнан астам науқас емделе алатын медицина орталығына барды
Президент жылына 18 мыңнан астам науқас емделе алатын медицина орталығына барды
Sputnik Қазақстан
Тоқаев заманауи құралдармен жабдықталған операция залдарын аралап көрді 05.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-05T21:01+0500
2024-06-05T21:01+0500
2024-06-05T21:01+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e8/06/05/44793767_0:184:2987:1864_1920x0_80_0_0_67211f763c117d80c8104fdf3572ad4b.jpg
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына барды, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысы медициналық авиация және жедел жәрдем қызметтерінің, науқастарды қабылдау бөлмелерінің жұмысын үйлестіретін орталықтың қызметімен танысты. Кешенде 250 орындық стационар бар.Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басқарма төрағасы Тимур Мұратовтың айтуынша, мекемеде 29 бағыт бойынша емдеу ісін жүргізетін 9 клиникалық департамент құрылады. Мұнда жылына 18 мыңнан астам науқас емделе алады.Мемлекет басшысы орталықтың қызметкерлерімен әңгімелесу барысында мұндай бірегей нысанның іске қосылуын отандық медицинаның зор жетістігі деп бағалады. Сонымен қатар мекемеге білікті мамандарды көптеп тарту қажет екеніне назар аударды.Қасым-Жомарт Тоқаев ұжымның жұмысына табыс тілеп, орталыққа реанимобиль сыйлады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/05/44793767_129:0:2858:2047_1920x0_80_0_0_4e42a38e315038f80390cfc73374d5e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Президент жылына 18 мыңнан астам науқас емделе алатын медицина орталығына барды
Тоқаев заманауи құралдармен жабдықталған операция залдарын аралап көрді
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына барды, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы медициналық авиация және жедел жәрдем қызметтерінің, науқастарды қабылдау бөлмелерінің жұмысын үйлестіретін орталықтың қызметімен танысты. Кешенде 250 орындық стационар бар.
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басқарма төрағасы Тимур Мұратовтың айтуынша, мекемеде 29 бағыт бойынша емдеу ісін жүргізетін 9 клиникалық департамент құрылады. Мұнда жылына 18 мыңнан астам науқас емделе алады.
"Президент заманауи құралдармен, соның ішінде мобильді компьютерлік томограф және OR-1 жүйесімен жабдықталған операция залдарын аралап көрді", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысы орталықтың қызметкерлерімен әңгімелесу барысында мұндай бірегей нысанның іске қосылуын отандық медицинаның зор жетістігі деп бағалады. Сонымен қатар мекемеге білікті мамандарды көптеп тарту қажет екеніне назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұжымның жұмысына табыс тілеп, орталыққа реанимобиль сыйлады.