https://sputnik.kz/20240605/meni-alday-almaydy-eks-premer-smayylov-auditorlyq-palatadagy-zhumysy-turaly-aytty-44784705.html
"Мені алдай алмайды": экс-премьер Смайылов аудиторлық палатадағы жұмысы туралы айтты
"Мені алдай алмайды": экс-премьер Смайылов аудиторлық палатадағы жұмысы туралы айтты
Sputnik Қазақстан
1 сәуірден бастап бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатасының басшысы болып тағайындалды 05.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-05T15:57+0500
2024-06-05T15:57+0500
2024-06-05T15:57+0500
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/07e8/01/09/41437250_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_9748c5c4f906be44b13cd689b5a391ab.jpg
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі – Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов палата басшысы ретіндегі жұмысына қатысты пікір білдірді.Мәжілісте Смайылов 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп берді.Брифингте журналистер бұл бюджет өзі премьер-министр қызметін атқарған кезде бекітілгенін еске салды."Баяндамаңызда бюджет қаражатының игерілмеуі, кемшіліктер мен жүйелі проблемалар туралы айттыңыз. Жаңа қызметте бұл мәселелерді қалай шешесіз?" деп сұрады журналистер.Бұл ақша іс жүзінде қалай пайдаланылғаны басқа мәселе, деп жалғастырды ол."Бұл бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне – министрліктерге, әкімдіктерге, квазимемлекеттік сектордағы компанияларға қатысты. Қазір мен Жоғарғы аудиторлық палатасының төрағасы ретінде бюджет қаражатының қаншалықты тиімді және мақсатқа сай жұмсалғанын сырттан бақылай аламын. Өйткені жоспарлау кезеңіне (бюджет – Sputnik) өзім қатыстым. Мені алдау мүмкін емес", - деп мәлімдеді ол.Сондай-ақ Әлихан Смайылов палата жариялылыққа бет бұрғанын атап өтті."Қазір біз аудиторлық жұмыстың нәтижесі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түрде жариялап жатырмыз. Осылайша жұртшылық біздің аудиторлық тексерістің қорытындысы туралы көбірек хабардар болады", - деп түйіндеді ол.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/09/41437250_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_3947befed150b57fc95896b3fe1d7f28.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов
"Мені алдай алмайды": экс-премьер Смайылов аудиторлық палатадағы жұмысы туралы айтты
1 сәуірден бастап бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатасының басшысы болып тағайындалды
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі – Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов палата басшысы ретіндегі жұмысына қатысты пікір білдірді.
Мәжілісте Смайылов 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп берді.
Брифингте журналистер бұл бюджет өзі премьер-министр қызметін атқарған кезде бекітілгенін еске салды.
"Баяндамаңызда бюджет қаражатының игерілмеуі, кемшіліктер мен жүйелі проблемалар туралы айттыңыз. Жаңа қызметте бұл мәселелерді қалай шешесіз?" деп сұрады журналистер.
"Мен жауапкершіліктен қайшпаймын. Сол кезеңде (премьер-министр қызметінде – Sputnik) осы жұмыстың бәріне қатыстым, бюджеттік бағдарламаның әрбір әкімшісімен кездесіп, қандай бюджеттік сұраныстар барын естідім. Қандай негіздемемен және қандай мақсатқа қаражат сұралғанын білемін. Соған сәйкес бюджет қаражаты нақты мақсаттар мен міндеттерді шешуге бөлінді", - деп жауап берді Смайылов.
Бұл ақша іс жүзінде қалай пайдаланылғаны басқа мәселе, деп жалғастырды ол.
"Бұл бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне – министрліктерге, әкімдіктерге, квазимемлекеттік сектордағы компанияларға қатысты. Қазір мен Жоғарғы аудиторлық палатасының төрағасы ретінде бюджет қаражатының қаншалықты тиімді және мақсатқа сай жұмсалғанын сырттан бақылай аламын. Өйткені жоспарлау кезеңіне (бюджет – Sputnik) өзім қатыстым. Мені алдау мүмкін емес", - деп мәлімдеді ол.
Сондай-ақ Әлихан Смайылов палата жариялылыққа бет бұрғанын атап өтті.
"Қазір біз аудиторлық жұмыстың нәтижесі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түрде жариялап жатырмыз. Осылайша жұртшылық біздің аудиторлық тексерістің қорытындысы туралы көбірек хабардар болады", - деп түйіндеді ол.