Эверест шыңын бағындырғандар - фото
1953 жылы экспедициядағы жаңа зеландиялық Эдмунд Хиллари мен Шерпа (тауға жетекші) Тенцинг Норгей Эверест шыңында алғашқы із қалдырған альпинистер деп есептеледі. Алайда, шын мәнінде, Эверестке шығу әлдеқайда ертерек басталды. 1924 жылы Джордж Мэлори мен Эндрю Ирвин тауды бағындыруға аттанып, бірақ қайтып орала алмай, жолда көз жұмды. Олар шыңға жетті ме, әлде шыңға жетпей жан тәсілім етті һме, әлі күнге дейін белгісіз.

Жапон альпинисті Джунко Табеи Эверест шыңына аяқ басқан алғашқы әйел атанды. Ол 1975 жылы 16 мамырда Непалдағы Эверест шыңына шықты. Джунко Табеи 70 тау шыңын бағындырды. Ол сонымен қатар альпинизмге әуесқой басқа адамдарға жетекшілік етті.

Эверест шыңына шыққан ең қарт альпинист - Юитиро Миура. Ол 2013 жылы 80 жасында шыңға шықты. Миура бұрын экстремал-шаңғышы болған жапон.

Эверест шыңына шыққан ең қарт альпинист - жапониялық Тамаи Ватанабе. Ол шыңға 2012 жылы 73 жасында шыққан.

2001 жылы француз спортшысы Марко Сиффреди Эвересттен алғаш сноубордпен түсті. Келесі жылы ол екінші рет осы әрекетті қайталамақ болған кезде қайтыс болды. Спортшы 2002 жылы 8 қыркүйекте Хорнбейн дәлізінде Эверест шыңынан секіргеннен кейін жоғалып кеткен.

Непалдық альпинист Ками Рита Шерпа Эверест шыңына шығу саны бойынша рекорд орнатқан. Ол шыңға жалпы саны 29 рет көтерілді! Бұл планетадағы барлық адамдар арасындағы рекордтық көрсеткіш. Ками Рита Эверест шыңына алғаш рет 1994 жылы шықты. Содан бері жыл сайын шыңға шығуға тырысады.

Непал альпинисті және фотожурналист Пурнима Шреста Эверестке бір альпинизм маусымында үш рет шыңға көтерілген алғашқы әйел ретінде тарихқа енді.

Эверест аңызы - Бабу Чири Шерпа. Ол Непалдағы ең танымал альпинистің бірі.
36 жасында ол Эверестке 10 рет көтерілді. Оның бұл бірегей рекорды бар: 1995 жылы ол екі аптаның ішінде екі рет шыңға көтерілді.
1999 жылдың көктемінде ол Эверест шыңында оттегісіз 20 сағаттан астам уақыт өткізіп, уақыт бойынша рекорд орнатты.
Келесі жылдың көктемінде ол көтерілу жылдамдығы бойынша тағы бір рекорд орнатты - 16 сағат 56 минут.
2001 жылдың 29 сәуірінде Бабу Чири Шерпа Эверестке он бірінші рет көтерілу кезінде қайтыс болды.

Непалдық альпинист Мулепати, Ньюар 2005 жылдың мамыр айында альпинист серіктесі Пемба Дорджеге тұрмысқа шықты. Некелесу рәсімі Джомолунгма шыңында өтті. Бұл әлемдегі ең биік шыңдағы тарихтағы алғашқы той болды.

Британдық альпинист Кентон Кул "үштік тәжді" бірінші болып иеленді. Ол бір экспедицияда Эверестке және оған көршілес шыңдар Нупцзе мен Лхоцзеге көтерілді.

Үнді альпинисті Пурна Малават Джомолунгма шыңына көтерілген ең жас қыз. Ол 2014 жылдың 25 мамырында шыңға шықты: ол кезде Пурна небәрі 13 жаста болған. Оның айтуынша, ол осы уақытқа дейін тауға шықпаған. "Мен қыздардың қолынан бәрі келетінін дәлелдегім келгендіктен Эверестке көтерілдім", - деді ол.

Қытай альпинисті Ся Бойю екі аяғының тізеден төмен жоқтығына қарамастан, Эверестке шыққаннан кейін халықаралық атаққа ие болды. Ол 2018 жылдың 14 мамырында 69 жасында шыңға шықты. Ся бұған дейін Эверестке бірінші рет шығу әрекетінде үсік шалып, екі аяғынан айырылған.

Анар Бұрашева - Эверестті бағындырған тұңғыш қазақ қызы. 2024 жылдың 12 мамырында қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев пен Анар Бұрашева "әлем шыңына" сәтті көтерілді.