Тоқаев Қазақстанның ТМД және БҰҰ-дағы тұрақты өкілдеріне қандай тапсырма берді

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ТМД және БҰҰ-дағы тұрақты өкілдерін қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Беларусьтегі жаңадан тағайындалған елшісі, ТМД Жарғылық органдары жанындағы тұрақты өкіл Тимур Жақсылықовпен және Қазақстанның БҰҰ жанындағы жаңадан тағайындалған тұрақты өкілі Қайрат Омаровпен кездесті.
Тоқаев Тимур Жақсылықовқа қазақ-беларусь стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту маңызды екенін айтты.
Қазақстан мен Беларусь Республикасы арасындағы көп жақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ ТМД-ның жарғылық органдарымен ықпалдастықты ілгерілету жөнінде бірқатар міндет жүктеді.
Ал Қайрат Омаровпен кездесу барысында Біріккен Ұлттар Ұйымымен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар тапсырма берілді.
Президент аталған әмбебап ұйыммен дәйекті жұмыстарды жалғастыру маңызды екенін атап өтті.
ШОС, ОДКБ, СНГ - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2023
Қазақстан ЖІӨ өсімі бойынша Орталық Азия және ТМД елдері арасында көш бастап тұр
Жаңалықтар
0