Қостанай облысына алғаш рет Пржевальский жылқысы әкелінді

© Photo : Официальный сайт СЦК при президенте КазахстакнаПервая партия лошадей Пржевальского прибыла в центр реинтродукции в Костанайской области
Первая партия лошадей Пржевальского прибыла в центр реинтродукции в Костанайской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2024
Жазылу
Қостанай облысының реинтродукция орталығы Чехиямен бірлескен бағдарлама аясында Пржевальский жылқыларын алды
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Қостанай облысына алғаш рет сегіз Пржевальский жылқысы әкелінді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Жылқылар облыс орталығына екі әскери ұшақпен жеткізілген.
"Пржевальский жылқысы - жойылып кету қаупі бар жануар. Қайта көбейту мақсатында жылқылар жабайы табиғатқа жіберіледі", - дейді ведомство.
Реинтродукция – бұл жабайы табиғат пен өсімдіктерді олар бұрын өмір сүрген, бірақ қандай да бір себептермен жоғалып кеткен аумаққа көшіру.
"Біз биліктің, ғалымдардың және бей-жай қарамайтын адамдардың бірлескен күш-жігерінің арқасында Пржевальскийдің жылқылары Қостанай облысы фаунасының ажырамас бөлігіне айналады", - деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.
Қостанай облысының оңтүстік өңірі - Пржевальский жылқыларының тарихи отаны.
Қазақстан мен Чехия мамандары Пржевальский жылқысының тұқымын қайта тірілтуге келісті.
"Екі республика арасындағы халықаралық келісім шеңберінде Қостанай облысына (Амангелді және Жангелді аудандарына) осы сирек кездесетін жануарлардың 40 данасы қайта жерсіндірілетін болады", - делінген әкімдік хабарламасында.
Пржевальский жылқыларын реинтродукциялау жобасының бастамашысы – Қазақстанның биоалуантүрлілік қауымдастығы.
Жаңалықтар
0