https://sputnik.kz/20240604/qazaqstanga-en-aldymen-auyzbirshilik-kerek---toqaev-44748728.html
Ту түбінде тұтаса білсек, көздеген мақсатқа міндетті түрде жетеміз - Тоқаев
Ту түбінде тұтаса білсек, көздеген мақсатқа міндетті түрде жетеміз - Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Мемлекеттік Туын көтеру рәсіміне қатысты 04.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-04T12:25+0500
2024-06-04T12:25+0500
2024-06-04T12:27+0500
қасым-жомарт тоқаев
мемлекеттік рәміздер
https://sputnik.kz/img/07e8/06/04/44746908_0:43:1281:763_1920x0_80_0_0_e59f169c9f72398292265df4166e0a97.jpg
АЛМАТЫ, 4 маусым - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы "Атамекен" этномемориалдық кешенінде Мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсіміне қатысты, деп хабарлайды АқордаҚұрметті қарауыл ротасының бастығы президентке рәсімге дайындық туралы баянат берді. Содан кейін Мемлекеттік әнұран шырқалып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көтерілді.Қасым-Жомарт Тоқаев жиналғандарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл мереке мемлекеттің нығаюын бейнелейтінін айтты.Президенттің айтуынша, Қазақстан бейбітшілікті сүйетін мемлекет, оның ең жоғары құндылықтары келісім мен бірлік. Біз әлемнің барлық елдерімен достық қарым-қатынас орнаттық.Тоқаев қысқа мерзімде ауқымды саяси реформа жүргізілгенін, жаңа экономикалық парадигма анықталғанын айттыв.“Сондай-ақ жас ұрпақтың сана-сезімін жаңғыртып, сапалы ұлт болуға бет бұрдық. Мұның бәрін жүзеге асырып, түбегейлі орнықтыру – оңай шаруа емес. Ол үшін, ең алдымен, ырысты ынтымақ керек. Барша Қазақстан халқының тағдыры – ортақ, болашағы – бір. Сондықтан бір ел, бір халық болып, ту түбінде тұтаса білсек, көздеген мақсатқа міндетті түрде жетеміз”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күні әскери шен тапсыру игі дәстүрге айналғанын атап өтіп, жас сарбаздар Отан қорғау ісін өмірлік миссия ретінде таңдап алғанын айтты . Шара соңында Мемлекеттік күзет қызметінің, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің Құрмет қарауылы роталары Президент пен жиналған қауым алдынан салтанатты түрде сап түзеп өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/04/44746908_102:0:1177:806_1920x0_80_0_0_a2c898e9d05245fa23901ba77cd29327.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, мемлекеттік рәміздер
қасым-жомарт тоқаев, мемлекеттік рәміздер
Ту түбінде тұтаса білсек, көздеген мақсатқа міндетті түрде жетеміз - Тоқаев
12:25 04.06.2024 (жаңартылды: 12:27 04.06.2024) Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Мемлекеттік Туын көтеру рәсіміне қатысты
АЛМАТЫ, 4 маусым - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы "Атамекен" этномемориалдық кешенінде Мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорда
Құрметті қарауыл ротасының бастығы президентке рәсімге дайындық туралы баянат берді. Содан кейін Мемлекеттік әнұран шырқалып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көтерілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев жиналғандарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл мереке мемлекеттің нығаюын бейнелейтінін айтты.
Президенттің айтуынша, Қазақстан бейбітшілікті сүйетін мемлекет, оның ең жоғары құндылықтары келісім мен бірлік. Біз әлемнің барлық елдерімен достық қарым-қатынас орнаттық.
"Соның арқасында туымыз жер жүзіне бірлік пен бейбітшіліктің байрағы ретінде танылды. Біз достық қағидатын әрдайым берік ұстанамыз. Қазір бәріміз бір кісідей жұмылып, Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Баршаға бірдей мүмкіндік беретін қоғам орната бастадық. Аз уақыт ішінде ауқымды саяси реформа жасадық. Жаңа экономикалық бағытымызды айқындадық", - деді ол.
Тоқаев қысқа мерзімде ауқымды саяси реформа жүргізілгенін, жаңа экономикалық парадигма анықталғанын айттыв.
“Сондай-ақ жас ұрпақтың сана-сезімін жаңғыртып, сапалы ұлт болуға бет бұрдық. Мұның бәрін жүзеге асырып, түбегейлі орнықтыру – оңай шаруа емес. Ол үшін, ең алдымен, ырысты ынтымақ керек. Барша Қазақстан халқының тағдыры – ортақ, болашағы – бір. Сондықтан бір ел, бір халық болып, ту түбінде тұтаса білсек, көздеген мақсатқа міндетті түрде жетеміз”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күні әскери шен тапсыру игі дәстүрге айналғанын атап өтіп, жас сарбаздар Отан қорғау ісін өмірлік миссия ретінде таңдап алғанын айтты . Шара соңында Мемлекеттік күзет қызметінің, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің Құрмет қарауылы роталары Президент пен жиналған қауым алдынан салтанатты түрде сап түзеп өтті.