Қазақстандағы ең үлкен мемлекеттік ту: рәмізге жауапты маман жұмысы туралы айтты
12:07 04.06.2024 (жаңартылды: 17:01 04.06.2024)
© Санат ИманғалиевҚазақстанның мемлекеттік туы
© Санат Иманғалиев
Жазылу
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Астанада жыл сайын мемлекеттік рәміздер күніне орай президенттің қатысуымен Қазақстанның басты Туы көтеріледі.
Sputnik Қазақстан тілшісі еліміздегі ең үлкен әрі салмағы ауыр көк байрағымызға күтім жасайтын маманмен танысып, Туымызды ауыстыру, тігу, сақтау және тасымалдау жұмыстары қалай атқарылатынын біліп қайтты.
Тудың салмағы 100 келіге дейін артады
Қазақстанның басты Туы Астананың кез келген жерінен көрініп тұрады. Тудың ауданы – 450 шаршы метр. Биіктігі – 15 метр, ені 30 метр, ал салмағы – 70 келі. Оны мемлекеттік стандарт бойынша тігеді.
© Sputnik / Санат ИмангалиевГлавный государственный флаг Казахстана
Главный государственный флаг Казахстана
© Sputnik / Санат Имангалиев
Нұра аудандық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ернар Мырзаханның айтуынша, жаңадан тігілген Туды 1 200 шақырым шалғай жерден - сонау Алматыдан әкеледі.
"Бұл еліміздің басты Туы болғандықтан, мемлекеттік стандарттарға сәйкес лицензиясы бар ательеде тігіледі. Ол Алматыда орналасқан. Сол жақтан әкеліп отырамыз", - деді Мырзахан Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында.
Туды арнайы матадан тігеді. Ондай материалдың тығыздығы орташа, қатты желбіреп кетпейді. Себебі мата желді жақсы өткізеді. Ультракүлгін сәулелерге де төзімді. Соның арқасында бояудың ашықтығы да ұзақ сақталады. Ондай матаны кір жуғыш машинада жууға болады. Бірақ Қазақстандағы ең үлкен Туды жуа алатын машина жоқ. Сол себепті оны жыл сайын ауыстырып отырады.
© Санат ИманғалиевҚазақстанның мемлекеттік туы
Қазақстанның мемлекеттік туы
© Санат Иманғалиев
"Туды ауыстыру мәселесі сыртқы факторларға байланысты. Жауын-шашын, қар, қатты жел бар. Мысалы, қатты желдің әсерінен жыртылуы мүмкін. Сосын жаңбыр жауғанда матаға су сіңеді. Қазіргі салмағы 60-70 келі болса, жаңбыр жауғаннан кейін 100-ге дейін артады. Ту жыртылса, оны дереу түсіреміз де, реставрацияға жібереміз. Ондай жағдай жылына бір-екі рет қана болатын шығар", - деп атап көрсетті бөлім басшысы.
© Санат ИманғалиевҚазақстанның мемлекеттік туы
Қазақстанның мемлекеттік туы
© Санат Иманғалиев
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қазақстандағы ең үлкен Туды жаңадан тігіп іледі. Жылдың соңында тағы бір рет ауыстырылады. Сосын екі Ту резервте тұрады. Ал ескісін акт толтырып, утилизацияға жібереді.
Туды күтіп ұстайтын арнайы маман бар
Қазақстандағы ең үлкен Туға қарайтын арнайы маман да бар. Оны "оператор" деп атайды. Нұрлан Сәтжанов бұл қызметке үш жыл бұрын орналасқан. Содан бері еліміздің басты Туын түсіріп, көтеріп отырады.
"Тұғырдың ішінде болат арқан бар. Ал астында электрлік қозғалтқыш, соны іске қосып түсіремін, сосын қайтадан көтеремін. Қыста кей кезде қатып қалады, сол кезде ішіндегі пешті қосамын. Желдің жылдамдығы секундына 8-9 метрі болса, Туды түсіру керек. Түнде болсын, жаңбыр жауып кетсе, міндетті түрде келіп, түсіріп қою қажет. Сол себепті біз ауа-райын үнемі бақылаймыз. Оны Қазгидрометтен алдын алып отырамыз", - дейді Сәтжанов.
Тудың дәл жанында оператордың арнайы бөлмесі де бар. Бірақ Нұрлан ол жерде көп отырмайды. Себебі үйі жақын, керек кезде бірден келе салады.
© Санат ИманғалиевҚазақстанның мемлекеттік туы
Қазақстанның мемлекеттік туы
© Санат Иманғалиев
Бас кезінде Нұрлан оператордың көмекшісі болып келген. Артынан өзі оператор болды. Қазір бір көмекшісі бар. Онымен бірге Туды ауыстырып отырады. Нұрлан жалақысын айтпады. "Жетеді", - деп қысқа ғана қайырды.
Биыл Мемлекеттік Тудың айналасында күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Ал қабырғасына "Отаны бірдің жүрегі бір, жүрегі бірдің тілегі бір" деген халық даналығы жазылды. Бұрын ол жерде Назарбаевтың цитатасы болған.