Қазақстанда 22 шілдеден бастап қандай ақша аударымдары бұғатталады

© Photo : Пресс-служба Национального банка КазахстанаЗдание Национального банка Казахстана
Здание Национального банка Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2024
Жазылу
Халықтың ақшасын алаяқтардан қорғайтын антифрод-орталық құрылады. Платформа қаржы нарығы субъектілері арасында күдікті операциялар туралы деректер алмасуға мүмкіндік береді
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Қаржы алаяқтығына қарсы іс-қимыл жөніндегі антифрод-орталық құрылады, деп хабарлады Ұлттық банк.
Антифрод-орталық қаржы ұйымдары, құқық қорғау органдары, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары қосылатын технологиялық платформа болады.
"Платформа тиісті таңбаланған күдікті операцияларды қоса алғанда, алаяқтық операциялар бойынша нақты уақыт режимінде қаржы нарығы субъектілері арасында деректер алмасуды қамтиды", - деп жазылған хабарламада.
Антифрод-орталықтың міндеті – азаматтардың қаражатын алаяқтық операциялардан қорғау, алаяқтық операцияларға жедел шара қабылдау және оларды уақытында бұғаттау.
Жоба биыл 22 шілдеде – цифрландыру мәселелері жөніндегі тиісті заң қолданысқа енгізілген сәттен бастап енгізіледі деп жоспарлануда.
Жобаның толық мәтінімен Ашық нормативтік-құқықтық актілердің ресми интернет-порталында және ҚҰБ сайтында танысуға болады.
Жаңалықтар
0