Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкері мемлекеттік құпияларды жариялап жіберген

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТюрьма, иллюстративное фото
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2024
Жазылу
Бұл қылмыс мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін ең ауыр қылмыстардың бірі ретінде сараланды
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкері мемлекеттік құпияларды жария еткені үшін сотталды, деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.
"Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 185-бабы 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жария ету) бойынша азамат К. 5 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп жазылған хабарламада.
Қадағалаушы орган бұл қылмыс мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін ең ауыр қылмыстардың бірі ретінде сараланғанын атап өтті.
"Сот барысында прокурор қызметкердің құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бір жыл бойы бергені туралы сенімді дәлелдер келтірді", - деп атап өтті прокуратура.
Үкім заңды күшіне енді.
Баглан Майлыбаев   - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2020
Қоғам
Мемлекеттік құпияны жариялаған Майлыбаев бостандыққа шықты
Жаңалықтар
0