https://sputnik.kz/20240604/ishki-shekaralardy-kesip-otu-kezinde-tuyndaytyn-problemalardy-sheshu-qazhet--bektenov-44752093.html
Ішкі шекараларды кесіп өту кезінде туындайтын проблемаларды шешу қажет – Бектенов
Ішкі шекараларды кесіп өту кезінде туындайтын проблемаларды шешу қажет – Бектенов
Sputnik Қазақстан
Қазақстан өз тарапынан теміржол құрамдары шоғырланып қалатын жолдарды кеңейтуге кірісті 04.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-04T15:38+0500
2024-06-04T15:38+0500
2024-06-04T15:38+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/old/983/04/9830462_0:411:1200:1086_1920x0_80_0_0_ca9c0fd71423381d3ecd8e1abb7c8417.jpg
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. ЕАЭО бойынша әріптес елдердің ішкі шекараларын кесіп өту кезінде туындайтын проблемаларды жедел шешу қажет. Бұл туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Оның айтуынша "Мақат – Шұбарқұдық" учаскесінде 4 разъезде құрылыс басталды, "Маңғыстау – Бейнеу" учаскесінде қолданыстағы жолдар және "Маңғышлақ – Өзен" учаскесінде үш разъезде жолдар ұзартылуда.Сондай-ақ ол өткізу пункттерін жаңғыртып, тасымалдардың тиімділігін арттыру маңызды екенін атап өтті."Теміржол құрамдарын өңдеу уақытын қысқарту, "Қытай – Орталық Азия", "Қытай – Еуропа" бағыттары бойынша тасымалданатын жүктерге транзиттік декларацияны автоматты түрде тіркеу және беру арқылы теміржол транзитін автоматтандыру жөніндегі қазақстандық пилоттық жобаның оң нәтиже бергені айтылды", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Қазақстан жинақталған тәжірибемен бөлісуге және еуразиялық көлік дәліздерінде сенімді логистикалық хаб ретінде әрекет етуге дайын. Жаңа мүмкіндіктерді енгізу көліктік және экономикалық байланысты жақсартады, бизнес шығындарын азайтады және елдер халқының ұтқырлығын арттыруды қамтамасыз етеді.Тағы бір өзекті тақырып — ЕАЭО елдеріндегі мемлекеттік сатып алу мәселесі.Қазақстан премьер-министрі ұлттық режимді қолдану тәсілдерін түзету және төмен баға ұсынылса, мемлекеттік сатып алулар кезінде ұлттық режим қолданылмайтын баға шегін белгілеу жөнінде ұсыныстарын айтты.Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы Одақ туралы шартқа қол қойылған күнге 10 жыл толуын мерекелеу кезеңінде өтіп жатыр.Олжас Бектенов Одақ жұмысының екінші онжылдығына қадам баса отырып, одан әрі дамудың нақты мақсаттарын құру және оларды іске асыру үшін тиісті тетіктерді жолға қою қажет екенін атап өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/983/04/9830462_0:298:1200:1198_1920x0_80_0_0_bc8cf6f6a69ec96ab54d1f290ce8a96d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Ішкі шекараларды кесіп өту кезінде туындайтын проблемаларды шешу қажет – Бектенов
Қазақстан өз тарапынан теміржол құрамдары шоғырланып қалатын жолдарды кеңейтуге кірісті
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. ЕАЭО бойынша әріптес елдердің ішкі шекараларын кесіп өту кезінде туындайтын проблемаларды жедел шешу қажет. Бұл туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"ЕАЭО бойынша әріптес елдердің ішкі шекараларын кесіп өту кезінде туындайтын проблемаларды жедел шешу қажет. Қазақстан өз тарапынан "Орск – Қандыағаш", "Мақат – Сағыз", "Шалқар – Бейнеу" бағыттары бойынша темір жолдарын қайта жаңарту арқылы теміржол құрамдары шоғырланып қалатын жолдарды кеңейтуге кірісті", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Оның айтуынша "Мақат – Шұбарқұдық" учаскесінде 4 разъезде құрылыс басталды, "Маңғыстау – Бейнеу" учаскесінде қолданыстағы жолдар және "Маңғышлақ – Өзен" учаскесінде үш разъезде жолдар ұзартылуда.
Сондай-ақ ол өткізу пункттерін жаңғыртып, тасымалдардың тиімділігін арттыру маңызды екенін атап өтті.
"Теміржол құрамдарын өңдеу уақытын қысқарту, "Қытай – Орталық Азия", "Қытай – Еуропа" бағыттары бойынша тасымалданатын жүктерге транзиттік декларацияны автоматты түрде тіркеу және беру арқылы теміржол транзитін автоматтандыру жөніндегі қазақстандық пилоттық жобаның оң нәтиже бергені айтылды", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Қазақстан жинақталған тәжірибемен бөлісуге және еуразиялық көлік дәліздерінде сенімді логистикалық хаб ретінде әрекет етуге дайын. Жаңа мүмкіндіктерді енгізу көліктік және экономикалық байланысты жақсартады, бизнес шығындарын азайтады және елдер халқының ұтқырлығын арттыруды қамтамасыз етеді.
Тағы бір өзекті тақырып — ЕАЭО елдеріндегі мемлекеттік сатып алу мәселесі.
Қазақстан премьер-министрі ұлттық режимді қолдану тәсілдерін түзету және төмен баға ұсынылса, мемлекеттік сатып алулар кезінде ұлттық режим қолданылмайтын баға шегін белгілеу жөнінде ұсыныстарын айтты.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы Одақ туралы шартқа қол қойылған күнге 10 жыл толуын мерекелеу кезеңінде өтіп жатыр.
Олжас Бектенов Одақ жұмысының екінші онжылдығына қадам баса отырып, одан әрі дамудың нақты мақсаттарын құру және оларды іске асыру үшін тиісті тетіктерді жолға қою қажет екенін атап өтті.