Балқаш әуежайы 3,8 млрд теңгегеге қайта жаңартылады

© Photo : Пресс-служба акимата Карагандинской областиАэропорт Балхаша
Аэропорт Балхаша - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2024
Жазылу
Әуежай инфрақұрылымын жаңғырту қала мен туристік аймақты дамытуға зор мүмкіндік береді
АЛМАТЫ, 4 маусым - Sputnik. Балқаш қаласының әуежайында такси жолы мен перрон қайта жаңартылып жатыр, жобаның жалпы құны 3,8 миллиард теңге, деп хабарлады көлік министрлігі.
"Бас мердігер "Казахдорстрой" ЖШС арнайы техника, инженерлік-техникалық персоналдың едәуір санын жұмылдырды және құрылыс-монтаждау жұмыстарына кірісіп кетті", - делінген хабарламада.
Асфальтбетон жабындарын фрезерлеу (98%) аяқталып, такси жолының(40%) жер төсемі дайындалып жатыр.
"Жұмыс жоспарына сәйкес, бетон жабынын монтаждау биылғы жылдың 15 маусымында бітеді. Кейіннен аэровокзалды күрделі жөндеу және арнайы көлік қызметінің ғимараты салынады", - деп хабарлады министрлік.
Әуежай инфрақұрылымын жаңғырту қала мен туристік аймақты дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Балқаш қаласының әуежайы 1967 жылы салынып, соңғы рет 2007 жылы жөндеу жүргізілген.
Бұған дейін Алматы әуежайының жаңа терминалы ашылғаннан кейін алғашқы рейстерге қызмет көрсеткені хабарланған болатын. Жаңа терминалдың алғашқы клиенттері Лондон - Алматы бағыты бойынша Air Astana әуекомпаниясының КС-664 рейсінің 94 жолаушысы болды.
Жаңа терминал іске қосылғаннан кейін әуежайдың өткізу қабілеті жылына 14 миллион жолаушыға дейін өседі. Халықаралық терминал ашылғаннан кейін жақын және орта мерзімді перспективада әуежайда қазақстандық және шетелдік авиакомпаниялардың 10 елге бағыты бойынша 15 халықаралық маршрут іске қосылады деп жоспарланған.
Жаңалықтар
0