Алдағы оқу жылының каникул уақыты жарияланды

© Sputnik / Владислав ВодневШкола, архивное фото
Школа, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі 2024-2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ қорытынды аттестаттаудан өткізу уақытын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұйрықтың жобасы "Ашық НҚА" сайтында қоғамдық талқылауға шығарылып отыр. Оған сәйкес, білім беру ұйымдарында алдағы оқу жылы 2024 жылғы 1 қыркүйектен 2025 жылғы 25 мамырға дейін жалғасады.
1-тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – күнтізбелік 7 күн (2024 жылғы 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда);
2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – күнтізбелік 10 күн (2024 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда);
3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – күнтізбелік 11 күн (2025 жылғы 21-31 наурыз аралығында);
1-сыныптарда қосымша демалыс – күнтізбелік 7 күн (2025 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда).
4-тоқсан – 8 оқу аптасы.
9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары 2025 жылғы 29 мамырдан бастап 9 маусымға дейін, ал 11 (12)-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары 2025 жылғы 30 мамыр мен 12 маусым аралығында ұйымдастырылады.
Жаңалықтар
0