https://sputnik.kz/20240604/abay-oblysynda-zhogalgan-ayeldin-denesi-tabyldy-anasy-qamauga-alyndy-44744824.html
Абай облысында жоғалған әйелдің денесі табылды: анасы қамауға алынды
Абай облысында жоғалған әйелдің денесі табылды: анасы қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Абай облысында бір апта бұрын із-түзсіз жоғалған әйелдің денесі табылды. 30 жастағы Динара Досымбекованы өлтірді деген күдікпен... 04.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-04T08:30+0500
2024-06-04T08:30+0500
2024-06-04T08:30+0500
абай облысы
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_0:196:3067:1921_1920x0_80_0_0_0988bb5ac8c4da9baf294a93cd1dedb8.jpg
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Абай облысында бір апта бұрын із-түзсіз жоғалған әйелдің денесі табылды. 30 жастағы Динара Досымбекованы өлтірді деген күдікпен туған анасы қамауға алынды, деп хабарлайды КТК. Марқұм 26 мамыр күні жоғалып кеткен. Оның із-түзсіз жоғалғанын айтып анасы полицияға арыз түсіріпті. Тіпті ауылдан Семей қаласына бармақ болып, "қызым таксиге мініп кетті" деп өтірік айтқан. Алайда шаһардағы бейнебақылау камераларын түгел тексеріп, шарық- ұрып іздеген полиция қызметкерлері Динараны таппады. Тек бір аптадан кейін өз қызын өлтіріп, мүрдесін жасырып тастады деген күдікпен туған анасы ұсталды. Қазір қандықол әйел қамауға алынып, тергеу жүргізілңп жатыр. "Полиция қызметкерлері қабылданған шаралардың нәтижесінде 30 жастағы әйелдің жоғалып кету мән-жайы анықталды. Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті әйел қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды", - дейді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Елдос Зәкімов.
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_249:0:2978:2047_1920x0_80_0_0_c63c59a6941eb2ffa0ae20b97745034d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы, қылмыс
Абай облысында жоғалған әйелдің денесі табылды: анасы қамауға алынды
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Абай облысында бір апта бұрын із-түзсіз жоғалған әйелдің денесі табылды. 30 жастағы Динара Досымбекованы өлтірді деген күдікпен туған анасы қамауға алынды, деп хабарлайды
КТК. Марқұм 26 мамыр күні жоғалып кеткен. Оның із-түзсіз жоғалғанын айтып анасы полицияға арыз түсіріпті. Тіпті ауылдан Семей қаласына бармақ болып, "қызым таксиге мініп кетті" деп өтірік айтқан.
Алайда шаһардағы бейнебақылау камераларын түгел тексеріп, шарық- ұрып іздеген полиция қызметкерлері Динараны таппады. Тек бір аптадан кейін өз қызын өлтіріп, мүрдесін жасырып тастады деген күдікпен туған анасы ұсталды. Қазір қандықол әйел қамауға алынып, тергеу жүргізілңп жатыр.
"Полиция қызметкерлері қабылданған шаралардың нәтижесінде 30 жастағы әйелдің жоғалып кету мән-жайы анықталды. Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті әйел қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды", - дейді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Елдос Зәкімов.