Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы былтыр 900 млн доллардан асты

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаОлжас Бектенов в Минске обсудил с главами правительств стран ЕАЭС обеспечение населения качественными и безопасными продуктами питания
Олжас Бектенов в Минске обсудил с главами правительств стран ЕАЭС обеспечение населения качественными и безопасными продуктами питания - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысу мақсатында Минскіге барды.
Сапар барысында Беларусь Республикасының премьер-министрі Роман Головченкомен екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері бойынша кездесу өтті.
Сауда-экономикалық, өнеркәсіп, АӨК, цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
"Екіжақты тауар айналымы былтыр $912 млн-ды құрады. Сауда ағындарын әртараптандыру және жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту шаралары қаралды. Қазақстан шамамен $265 млн сомасына 105 тауар позициясы бойынша экспортты ұлғайтуға дайын", - делінген хабарламада.
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы бірлескен жобалар — екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыты. Бүгінгі таңда жалпы құны $200 млн-нан асатын тракторлар мен комбайндарды және өзге де техниканы құрастыру бойынша 11 жоба іске асырылды, 1,6 мың жұмыс орны ашылған.
Тараптар қазақ-беларусь әріптестігінің қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін көпжоспарлы жұмысты жалғастыру ниетін растады.
Жаңалықтар
0