https://sputnik.kz/20240603/dosaev-prezidentke-almatydagy-zhyldyq-inflyatsiya-basendegenin-aytty-44731546.html
Досаев президентке Алматыдағы жылдық инфляция бәсеңдегенін айтты
Досаев президентке Алматыдағы жылдық инфляция бәсеңдегенін айтты
Sputnik Қазақстан
Мегаполис экономикасына 360 миллиард теңге жеке инвестиция тартылған 03.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-03T16:08+0500
2024-06-03T16:08+0500
2024-06-03T16:08+0500
алматы
ерболат досаев
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1f/44674224_0:3:1280:723_1920x0_80_0_0_5ebdebf8f8d89f1b58bf43a4cd2b50c4.jpg
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысына Алматының биылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы жөнінде есеп берілді.Президентке осы кезеңде Алматы экономикасының негізгі салаларындағы өсім қарқыны жоғары болғаны туралы баяндалды. Атап айтқанда, көлік қызметінің көлемі 17,5 пайызға, құрылыс 5,7 пайызға және байланыс бағыты 4,4 пайызға өскен.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл сәуір айында Алматыдағы жылдық инфляция 9,1 пайызға дейін бәсеңдегені жайында мәлімет берілді. Жыл басынан бері 19,5 мың жұмыс орны ашылған. Бұл жұмыссыздық деңгейін 4,7 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.Ерболат Досаев шаһардағы кейбір аудандарды сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Биыл ақпан айында қаланың жоғарғы бөлігін сумен қамту жөніндегі резерв схемасын жасау жұмыстары басталды. Құрылысты осы жылдың 1 шілдесіне дейін аяқтау жоспарланып отыр. Ал "Балқаш" таза су резервуары пайдалануға беріліп, "Юбилейный", "Каменское плато" және басқа да аудандарға су жеткізіле бастады.Бұдан бөлек, президентке Алматының көлік құрылымын қалыптастыру аясында қолға алынған жобалар топтамасының жүзеге асырылу барысы баяндалды.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы экономикасын әртараптандыру үшін инвестиция тарту, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және инфляция мөлшерін одан әрі төмендету жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ қаланы сумен қамту мәселесін айрықша бақылауда ұстау қажет екенін айтты.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1f/44674224_157:0:1124:725_1920x0_80_0_0_81f574266b760ff6467de1529e0d706d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, ерболат досаев
Досаев президентке Алматыдағы жылдық инфляция бәсеңдегенін айтты
Мегаполис экономикасына 360 миллиард теңге жеке инвестиция тартылған
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысына Алматының биылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы жөнінде есеп берілді.
Президентке осы кезеңде Алматы экономикасының негізгі салаларындағы өсім қарқыны жоғары болғаны туралы баяндалды. Атап айтқанда, көлік қызметінің көлемі 17,5 пайызға, құрылыс 5,7 пайызға және байланыс бағыты 4,4 пайызға өскен.
"Мегаполис экономикасына 360 миллиард теңге жеке инвестиция тартылған. Өсім 5,8 пайызды құрады", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл сәуір айында Алматыдағы жылдық инфляция 9,1 пайызға дейін бәсеңдегені жайында мәлімет берілді. Жыл басынан бері 19,5 мың жұмыс орны ашылған. Бұл жұмыссыздық деңгейін 4,7 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.
Ерболат Досаев шаһардағы кейбір аудандарды сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Биыл ақпан айында қаланың жоғарғы бөлігін сумен қамту жөніндегі резерв схемасын жасау жұмыстары басталды. Құрылысты осы жылдың 1 шілдесіне дейін аяқтау жоспарланып отыр. Ал "Балқаш" таза су резервуары пайдалануға беріліп, "Юбилейный", "Каменское плато" және басқа да аудандарға су жеткізіле бастады.
Бұдан бөлек, президентке Алматының көлік құрылымын қалыптастыру аясында қолға алынған жобалар топтамасының жүзеге асырылу барысы баяндалды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы экономикасын әртараптандыру үшін инвестиция тарту, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және инфляция мөлшерін одан әрі төмендету жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ қаланы сумен қамту мәселесін айрықша бақылауда ұстау қажет екенін айтты.