https://sputnik.kz/20240602/qazaqstandyq-tagy-eki-boksshy-olimpiadaga-zholdama-zhenip-aldy--44714940.html
Қазақстандық тағы екі боксшы Олимпиадаға жолдама жеңіп алды
Қазақстандық тағы екі боксшы Олимпиадаға жолдама жеңіп алды
Sputnik Қазақстан
Назым Қызайбай ел намысын қорғауға Олимпиадаға алғаш рет аттанады 02.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-02T20:31+0500
2024-06-02T20:31+0500
2024-06-02T20:31+0500
спорт
бокс
олимпиада ойындары
қазақстан
https://sputnik.kz/img/108/15/1081506_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_f190f667ed928c83a8730c4a49078a8a.jpg
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Қазақстандық боксшылар Назым Қызайбай мен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы өз қарсыластарын жеңіп, Парижде өтетін жазғы Олимпиадаға жолдама алды, деп хабарлады туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан шешуші лицензиялық жарыста екі дүркін әлем чемпионы, 50 келідегі Назым Қызайбай Солтүстік Кореяның жас спортшысы Канг Су Хуангты 5:0 есебімен жеңді. Үшінші раундта жерлесіміз қарсыласын нокдаунға түсірді. Осылайша, Қызайбай биыл Парижде өтетін жазғы Олимпиадаға жолдама алды. Айта кету керек, екі дүркін әлем чемпионы Олимпиадаға алғаш рет аттанады.Сонымен қатар, тап осы іріктеу кезеңінде 63,5 келідегі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы да жазғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алды. Қазақстандық былғары қолғап шебері шешуші айқаста Молдова өкілі Александр Параскивтен 5:0 есебімен басым түсті. Парижде Қазақстанның бокстан ерлер құрамасы өз тарихында 3-ші мәрте толық құрамда Олимпиада жүлдесіне таласады. Қазір Қазақстанда 58 лицензия бар.
https://sputnik.kz/20240530/golovkin-khalyqaralyq-olimpiada-komiteti-komissiyasynyn-mushesi-bolyp-tagayyndaldy-44659293.html
https://sputnik.kz/20240419/qazaqstandyq-eskekshiler-olimpiada-zholdamasyn-zhenip-aldy-43769749.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/108/15/1081506_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_730f63be998b9deb7b9d0b5b23487798.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бокс, олимпиада ойындары, қазақстан
бокс, олимпиада ойындары, қазақстан
Қазақстандық тағы екі боксшы Олимпиадаға жолдама жеңіп алды
Назым Қызайбай ел намысын қорғауға Олимпиадаға алғаш рет аттанады
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Қазақстандық боксшылар Назым Қызайбай мен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы өз қарсыластарын жеңіп, Парижде өтетін жазғы Олимпиадаға жолдама алды, деп хабарлады туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан шешуші лицензиялық жарыста екі дүркін әлем чемпионы, 50 келідегі Назым Қызайбай Солтүстік Кореяның жас спортшысы Канг Су Хуангты 5:0 есебімен жеңді. Үшінші раундта жерлесіміз қарсыласын нокдаунға түсірді.
Осылайша, Қызайбай биыл Парижде өтетін жазғы Олимпиадаға жолдама алды. Айта кету керек, екі дүркін әлем чемпионы Олимпиадаға алғаш рет аттанады.
Сонымен қатар, тап осы іріктеу кезеңінде 63,5 келідегі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы да жазғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алды. Қазақстандық былғары қолғап шебері шешуші айқаста Молдова өкілі Александр Параскивтен 5:0 есебімен басым түсті.
Парижде Қазақстанның бокстан ерлер құрамасы өз тарихында 3-ші мәрте толық құрамда Олимпиада жүлдесіне таласады. Қазір Қазақстанда 58 лицензия бар.