Әлем

ОПЕК+ шешімі: мұнай өндіруді қысқарту туралы келісім мерзімі ұзартылды

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуОПЕК ғимараты
ОПЕК ғимараты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2024
Жазылу
Біріккен Араб Әмірліктеріне ең жоғарғы өндіру деңгейін 300 мың баррельге дейін арттыру ұсынылды
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. ОПЕК+ мұнай өндіруді қысқарту туралы келісімді 2025 жылдың соңына дейін ұзартты және БАӘ-ден басқа барлық елдер үшін квоталарды өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы альянс басшыларының кездесуінен кейінгі коммюникеде жазылған, деп хабарлады РИА Новости.
"2025 жылдың 1 қаңтардан бастап 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін ОПЕК және ОПЕК-ке кірмейтін елдер үшін жалпы мұнай өндіру деңгейі сақталсын", - делінген құжатта.
Ұйымның ресми сайтында жарияланған кестеде көрсетілгендей, осы жылға белгіленген өндіріс квоталары өзгермеген, тек Біріккен Араб Әмірліктеріне ең жоғарғы өндіру деңгейін 300 мың баррельге – тәулігіне 3,519 миллион баррельге дейін арттыру ұсынылды.
Добыча нефти  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2024
ОПЕК+ келісімі: Қазақстан наурызда мұнай өндіруді тәулігіне 131 мың баррельге асырды
Нәтижесінде БАӘ квотасының ұлғаюы мен Анголаның альянстан шығуын ескере отырып, ОПЕК+ жалпы өндіру шегі тәулігіне 39,725 миллион баррельді құрайды.
"Бұл өсім 2025 жылдың қаңтарынан бастап қыркүйекке дейін біртіндеп орындалады", - делінген коммюникеде.
Сонымен қатар, ОПЕК+ елдері үш тәуелсіз дереккөздің мәліметтері негізінде өндірістік қуаттарды бағалау мерзімін 2025 жылдың қараша айының соңына дейін ұзартты. Бұл 2026 жылға арналған квоталарды анықтауға негіз болады. Бастапқыда талдау 2024 жылдың маусым айының соңында аяқталуы керек еді.
Батумский нефтяной терминал возобновил отгрузку казахстанских темных нефтепродуктов для поставки в страны Европы, используя беспричальный налив - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2024
ҚазТрансОйл наурызда мұнай өнімдерінің Еуропаға қалай жөнелтілгенін айтты
Жаңалықтар
0