https://sputnik.kz/20240602/atyrauda-sot-ukimimen-kelispegen-sottalushy-ozin-ozi-pyshaqtady--44714137.html
Атырауда сот үкімімен келіспеген сотталушы өзін-өзі пышақтады
Атырауда сот үкімімен келіспеген сотталушы өзін-өзі пышақтады
Sputnik Қазақстан
Ол бұған дейін де сотты болған 02.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-02T17:38+0500
2024-06-02T17:38+0500
2024-06-02T17:00+0500
қоғам
атырау
сот
https://sputnik.kz/img/12/82/128220_0:432:4608:3024_1920x0_80_0_0_84e6bdc43a7cf427cb9001347394bd24.jpg
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Атырауда 40 жастағы сотталушы сот шешімімен келіспей, қағаз кесуге арналған пышақпен өз білегін кесіп тастады, деп хабарлады Ақ Жайық. Белгілі болғандай, сот үкімімен ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 608-бабы бойынша ("Мас күйде көлік құралын жүргізу") бір жарым жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Өзіне зақым келтіргеннен кейін сотталушы біраз уақыт полицейлерді жанына жақындатпаған. Кейін ол облыстық ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін уақытша ұстау изоляторына қайта қайтарылды. Оқиға 31 мамыр күні таңертең облыстық сот залында болған. Белгілі болғандай, ер адам бұған дейін де сотты болған. Ажырасу барысында 36 жастағы әйелі оның үстінен шағымданып, ер адам 389-бабы ("Заң тәртібін бұзу") бойынша сотталған. Облыстық соттың баспасөз қызметі демалыс күнін алға тартып, болған жайтқа қатысты түсініктеме бере алмады.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/12/82/128220_0:0:4608:3456_1920x0_80_0_0_94c960f057d8bbe86e7f741553f5d4a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, сот
Атырауда сот үкімімен келіспеген сотталушы өзін-өзі пышақтады
Ол бұған дейін де сотты болған
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Атырауда 40 жастағы сотталушы сот шешімімен келіспей, қағаз кесуге арналған пышақпен өз білегін кесіп тастады, деп хабарлады
Ақ Жайық.
Белгілі болғандай, сот үкімімен ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 608-бабы бойынша ("Мас күйде көлік құралын жүргізу") бір жарым жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.
"Мен қайта-қайта қамауға алынғаннан шаршадым. Шыққаныма бір жарым ай болды. Әділеттілік жоқ, мен өзімді өлтіремін", - деді ол сот үкімі шыққан соң.
Өзіне зақым келтіргеннен кейін сотталушы біраз уақыт полицейлерді жанына жақындатпаған. Кейін ол облыстық ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін уақытша ұстау изоляторына қайта қайтарылды.
Оқиға 31 мамыр күні таңертең облыстық сот залында болған. Белгілі болғандай, ер адам бұған дейін де сотты болған. Ажырасу барысында 36 жастағы әйелі оның үстінен шағымданып, ер адам 389-бабы ("Заң тәртібін бұзу") бойынша сотталған.
Облыстық соттың баспасөз қызметі демалыс күнін алға тартып, болған жайтқа қатысты түсініктеме бере алмады.