https://sputnik.kz/20240602/astanadagy-vokzal-mugedektigi-bar-adamdarga-say-beyimdelmegen-44712283.html
Астанадағы вокзал мүгедектігі бар адамдарға сай бейімделмеген
Астанадағы вокзал мүгедектігі бар адамдарға сай бейімделмеген
Sputnik Қазақстан
Вокзалдағы демалыс бөлмелері мен дәретханалардың тозығы жетіп тұр 02.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-02T10:46+0500
2024-06-02T10:46+0500
2024-06-02T11:30+0500
астана
вокзал
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33831037_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_1aa41910df884f7492292f3d59693c50.jpg
АСТАНА, 2 маусым - Sputnik. Астана қаласындағы Гете, 1 көшесінде орналасқан теміржол вокзалында ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған демалыс бөлмесі, пандустардың техникалық параметрлері және арбаға таңылған мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы баспалдақтар заман талабына сай келмейді. "AMANAT"-тың Астана қалалық филиалы жанындағы артиялық бақылау комиссиясының мүшелері осындай қорытындыға келді. Вокзалдағы демалыс бөлмелері мен дәретханалардың тозығы жетіп тұр. Бұған қоса, өткелдер мен арбаға таңылған мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы баспалдақтарда жаңарту жұмысын жүргізу қажет.Вокзал өкілдері партиялықтардың сынына жауап ретінде ғимарат өткен ғасырда салынғанын атап өтті. Ал күрделі жөндеу жұмысы биыл тамыз айына жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, мүгедектігі бар адамдарға арналған лифтілер, қызметкерлерді шақыру механизмдері, арнайы демалыс бөлмесі мен дәретхана, индукциялық панельдер штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33831037_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_dcbcaf07b7a0a654440ded5487d1c503.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, вокзал
Астанадағы вокзал мүгедектігі бар адамдарға сай бейімделмеген
10:46 02.06.2024 (жаңартылды: 11:30 02.06.2024) Вокзалдағы демалыс бөлмелері мен дәретханалардың тозығы жетіп тұр
АСТАНА, 2 маусым - Sputnik. Астана қаласындағы Гете, 1 көшесінде орналасқан теміржол вокзалында ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған демалыс бөлмесі, пандустардың техникалық параметрлері және арбаға таңылған мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы баспалдақтар заман талабына сай келмейді.
"AMANAT"-тың Астана қалалық филиалы жанындағы артиялық бақылау комиссиясының мүшелері осындай қорытындыға келді.
Вокзалдағы демалыс бөлмелері мен дәретханалардың тозығы жетіп тұр. Бұған қоса, өткелдер мен арбаға таңылған мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы баспалдақтарда жаңарту жұмысын жүргізу қажет.
"Біздің мақсатымыз – вокзалға келіп, осында атқарылып жатқан жұмысқа сын айту емес, тұрғындар тарапынан көтерген мәселелердің оң шешімін табу. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын жақсарту үшін үнемі мониторинг жүргізіп отырамыз", – деді "AMANAT" партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек.
Вокзал өкілдері партиялықтардың сынына жауап ретінде ғимарат өткен ғасырда салынғанын атап өтті. Ал күрделі жөндеу жұмысы биыл тамыз айына жүргізіледі деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, мүгедектігі бар адамдарға арналған лифтілер, қызметкерлерді шақыру механизмдері, арнайы демалыс бөлмесі мен дәретхана, индукциялық панельдер штаттық режимде жұмыс істеп тұр.