Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуПрезидент РФ В. Путин провел переговоры с президентом Казахстана К.-Ж. Токаевым
Президент РФ В. Путин провел переговоры с президентом Казахстана К.-Ж. Токаевым - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылап, қарым-қатынастардың стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дамып келе жатқанын атап өтті.
Мемлекеттер басшылары екі ел үкіметтерінің сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік және мәдени-гуманитарлық салаларда бұған дейін қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру бағытындағы үйлесімді іс-қимылдарын жоғары бағалады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін пысықтады.
Президент РФ В. Путин принял участие в заседании Высшего Евразийского экономического совета - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2024
Путин Тоқаевты туған күнімен құттықтады
Жаңалықтар
0