Тоқаев энергия тапшылығы жайлы: мәселені шешудің бір жолы атом энергетикасы болуы мүмкін

© Photo : официальный сайт "Казатомпрома"Деятельность "Казатомпрома"
Деятельность Казатомпрома - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2024
Жазылу
Энергетикалық сектор өкілдері осы амалды бір ауыздан қолдайды, деді президент
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Президент Алматыдағы ғалымдармен өткен кездесуде ядролық энергетиканы құруға қатысты соңғы шешімді халық жалпыұлттық референдум арқылы қабылдайтынын айтты.
"Сонымен қатар Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге ниетті. Алайда ол үшін біз экономиканы терең трансформациялауымыз керек. Бұл күрделі үдеріс зор сын-қатермен қатар жүреді. Таяу болашақта еліміз электр энергиясының тапшылығын айтарлықтай сезінуі мүмкін. Аталған мәселе жағдайды ушықтыра түседі. Кейбір болжамдар бойынша нақты шешімдер қабылданбаса, 2030 жылға қарай энергия қуатының тапшылығы алты гигаватқа жетеді. Бұл экономикамыздың даму қарқынын едәуір бәсеңдетіп, тұрғын үй-коммуналдық саласын дағдарысқа әкеп соқтырады", - деді президент.
Мемлекет басшысы бұл халқымыздың тұрмысына кері әсер ететінін атап өтті. Проблеманы шешудің бір жолы атом энергетикасы болуы мүмкін.
"Энергетикалық сектор өкілдері осы амалды бір ауыздан қолдайды. Қазақстан – табиғи уран өндіру көлемі бойынша әлемде бірінші орында. Біз ядролық отынның компоненттерін өз елімізде өндіреміз. Бұл – бәсекелестіктегі біздің басты артықшылығымыз. Оны пайдалана білуіміз қажет. Аталған мәселені қоғамда және кәсіби ортада кең ауқымда әрі жан-жақты талқылау керек. Бірақ популизм мен дау-дамайға жол беруге болмайды. Ғылыми қоғамдастық бұған қомақты үлес қосып, объективті және прагматикалық қағидаттарға негізделген салмақты пікір айтады деп ойлаймын. Ядролық энергетиканы құруға қатысты соңғы шешімді халық жалпыұлттық референдум арқылы қабылдайды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жаңалықтар
0