Шымкентте алғаш рет өкпенің қатерлі ісігіне тіліксіз ота жасалды

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуОперация
Операция  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2024
Жазылу
Дәрігерлер операция алдында науқастың жағдайын 4 ай бойы бақылап, арнайы дайындық жүргізген
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Шымкентте алғаш рет өкпенің үшінші сатылы қатерлі ісігіне тіліксіз операция жасалды.
Онкологиялық орталықтың дәрігерлері иненің жасуындай ғана тесік арқылы кеуде қуысындағы ісікті алып тастады.
Күрделі хирургиялық емнің арқасында 65 жастағы тұрғын ажалдан аман қалды, деп хабарлады 24.kz.
Айта кетері, дәрігерлер операция алдында науқастың жағдайын 4 ай бойы бақылап, арнайы дайындық жүргізген. Осыдан кейін ғана Ресейден жетекшілікке белгілі хирургтар шақырылды.
Шеберлік сабағынан соң, бірлескен 10 операцияға келісім жасалды. Бұған дейін мұндай диагнозы бар адамдар Астана мен Алматы қалаларына жіберілетін. Енді күрделі операция жасауды жергілікті жерде жетілдіру жоспарланып отыр.
"Кеше 3 операция жасалды. Қатерлі ісікті алып тастағаннан кейін науқастардың жағдайы жақсарғанын байқадық. Қазір олар есін жинап, бақылауға алынды. Біз олардың өкпесін аман алып қалуға тырыстық. Мұндай ауру түрі шылым шегетін адамдардың арасында кеңінен тарап барады. Дегенімен Қазақстанда оның ішінде Шымкент қаласында дертке душар болған адам аз екен", - дейді Ресей ғылыми-зерттеу институты кеуде онкологиясы бөлімінің меңгерушісі Евгений Левченко.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2022
Денсаулық
Дәрігерлер дауыстың өзгеруі қатерлі ісік белгісі болуы мүмкін екенін ескертті
Жаңалықтар
0