Қазақстан делегациясы ЕЭК отырысына қатысты: дәріні тіркеу ережесіне өзгеріс енгізілді

© Sputnik/Ертай СарбасовФлаги ЕАЭС
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2024
Жазылу
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында кедендік реттеу, салық және дәрілік препараттар саласындағы бірқатар рәсім бойынша шешімдер қабылданды
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Мәскеуде өткен жиынға қазақстандық делегацияны премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин басқарып барды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
2029 жылға фильтрлі темекіге акциздердің бірыңғай индикативтік ставкасының мөлшері акциздердің нақты ставкаларынан 20%-дан аспайтын (36 еуродан 54 еуроға дейін, шамамен 17 мың теңгеден 25 мыңнан астам теңгеге дейін) ауытқу диапазонымен 1 мың данасы үшін 45 еуро (21 мың теңгеден астам) мөлшерінде бекітілді.
Бұған дейін, 2019 жылы қабылданған 2024 жылға арналған темекіге акциздердің индикативтік мөлшерлемесі 35 еуроны (16 мың теңгеден астам) құраған.
"Бұл индикатив темекіге акциз ставкаларын жоспарлайтын ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдары мен темекі өнімдерін өндірушілер үшін бағдар болып саналады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ЕЭК кеңесінің шешімімен Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптау ережесіне өзгерістер енгізілді. Ол сараптамалық жұмыстарды жүргізу және дәрілік препараттардың құжаттамасын тіркеу бағалау кезінде әкімшілік рәсімдерді оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Ресми халықаралық спорттық іс-шараларды өткізуге арналған спорттық заттар мен жабдықтарды ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізу ерекшеліктері айқындалды. Бұл тауарларға оларды әкелу және әкету кезiнде жеңiлдiктi шарттармен арнайы кедендiк рәсiм қолданылатын болды. Бұл ұйымдастырушылар мен спорттық іс-шараларға қатысушылар үшін әкімшілік кедергілер мен шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
0