https://sputnik.kz/20240531/qazaqstan-aziya-balalary-khalyqaralyq-sport-oyyndaryna-qatysady-44681286.html
Қазақстан "Азия балалары" халықаралық спорт ойындарына қатысады
Қазақстан "Азия балалары" халықаралық спорт ойындарына қатысады
Sputnik Қазақстан
Қазақстан "Азия балалары" спорттық ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді 31.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-31T14:09+0500
2024-05-31T14:09+0500
2024-05-31T14:09+0500
спорт
балалар
олимпиада ойындары
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1e/44656546_0:0:960:540_1920x0_80_0_0_3caa2b9f5a3cfbad2ed395d943d9ec9c.jpg
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстанның жас спортшылары Якутск қаласында өтетін "Азия балалары" халықаралық спорт ойындарына қатысады.Жарыс 2024 жылдың 25 маусымы мен 7 шілдесі аралығында өтеді.1996 жылдан бері төрт жылда бір рет өткізіліп келе жатқан және бүкіл Азия құрлығын қамтитын спорт додасына 16 жасқа дейінгі спортшылар қатыса алады.Жазғы және қысқы ойындар бағдарламасына спорттың 24 түрі кіреді: олар күрес пен садақ атудан биатлон мен шахматқа дейінгі ойындарды қамтиды.Қазақстан 1996 жылдан бастап жазғы, 2019 жылдан бастап қысқы халықаралық "Азия балалары" спорттық ойындарына қатысып келеді. 2024 жылы да қазақстандық спортшылар бұл ойындарға қатысады, деп хабарлады Қазақстанның туризм және спорт министрлігі.2023 жылдың ақпан айында қазақстандық жасөспірімдер Илья Мизерных, Илья Шильников және Софья Шишкина "Азия балалары" халықаралық турнирінде үш медаль жеңіп алды. Команда қоржынында алтын, күміс және қола медальдар болды.2012 жылы Якутияда өткен V ойындарда Қазақстан құрамасы 70 медаль жеңіп алып, үшінші орын иеленді."Азия балалары" спорт ойындары"Азия балалары" халықаралық спорт ойындары жазғы және қысқы спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер арасында жеке және командалық спорт түрлерінен өткізіледі. Заманауи Олимпиада қозғалысының 100 жылдығына арналған бірінші ойындар Саха Республикасының (Якутия) тұңғыш президенті Михаил Ефимович Николаевтың бастамасымен 1996 жылы Якутск қаласында өтті. Ойындардың бүкіл кезеңінде Азия елдері мен Ресей Федерациясының аймақтарынан 15 мыңнан астам жас спортшы қатысты, деп хабарлайды Ойындардың ресми сайты.VIII Азия балалары ойындарының ашылу салтанаты 26 маусымда Якутск қаласындағы Н.Н.Тарский атындағы "Туймаада" стадионында өтеді. Көрермендерге үш сағаттық бағдарлама ұсынылады: спортшылар делегациялары мен қатысушы елдердің туларының шеруі, вокалдық және хореографиялық нөмірлер, сондай-ақ танымал әртістер өнер көрсетеді.
https://sputnik.kz/20230301/aziya-balalary-oyyndary-qazaqstan-quramasy11-medal-zhenip-aldy-32585988.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1e/44656546_120:0:840:540_1920x0_80_0_0_65051153e582e7a1db1336a8da38d14c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балалар, олимпиада ойындары
балалар, олимпиада ойындары
Қазақстан "Азия балалары" халықаралық спорт ойындарына қатысады
Қазақстан "Азия балалары" спорттық ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстанның жас спортшылары Якутск қаласында өтетін "Азия балалары" халықаралық спорт ойындарына қатысады.
Жарыс 2024 жылдың 25 маусымы мен 7 шілдесі аралығында өтеді.
1996 жылдан бері төрт жылда бір рет өткізіліп келе жатқан және бүкіл Азия құрлығын қамтитын спорт додасына 16 жасқа дейінгі спортшылар қатыса алады.
Жазғы және қысқы ойындар бағдарламасына спорттың 24 түрі кіреді: олар күрес пен садақ атудан биатлон мен шахматқа дейінгі ойындарды қамтиды.
Қазақстан 1996 жылдан бастап жазғы, 2019 жылдан бастап қысқы халықаралық "Азия балалары" спорттық ойындарына қатысып келеді. 2024 жылы да қазақстандық спортшылар бұл ойындарға қатысады, деп хабарлады Қазақстанның туризм және спорт министрлігі.
2023 жылдың ақпан айында қазақстандық жасөспірімдер Илья Мизерных, Илья Шильников және Софья Шишкина "Азия балалары" халықаралық турнирінде үш медаль жеңіп алды. Команда қоржынында алтын, күміс және қола медальдар болды.
2012 жылы Якутияда өткен V ойындарда Қазақстан құрамасы 70 медаль жеңіп алып, үшінші орын иеленді.
"Азия балалары" спорт ойындары
"Азия балалары" халықаралық спорт ойындары жазғы және қысқы спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер арасында жеке және командалық спорт түрлерінен өткізіледі. Заманауи Олимпиада қозғалысының 100 жылдығына арналған бірінші ойындар Саха Республикасының (Якутия) тұңғыш президенті Михаил Ефимович Николаевтың бастамасымен 1996 жылы Якутск қаласында өтті. Ойындардың бүкіл кезеңінде Азия елдері мен Ресей Федерациясының аймақтарынан 15 мыңнан астам жас спортшы қатысты, деп хабарлайды Ойындардың ресми сайты.
VIII Азия балалары ойындарының ашылу салтанаты 26 маусымда Якутск қаласындағы Н.Н.Тарский атындағы "Туймаада" стадионында өтеді. Көрермендерге үш сағаттық бағдарлама ұсынылады: спортшылар делегациялары мен қатысушы елдердің туларының шеруі, вокалдық және хореографиялық нөмірлер, сондай-ақ танымал әртістер өнер көрсетеді.