Жиһаз өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі 11 есе өсті

CC0 / / Жиһаз, иллюстративті фото
Жиһаз, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2024
Жазылу
Аталған секторға инвестиция тарту бойынша өңірлер арасында Түркістан облысы көш бастап тұр
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында елімізде жиһаз өнеркәсібі саласына 1 173,4 млн теңге инвестиция тартылды, деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
"QazIndustry" АҚ Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясының мәліметінше бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 есеге көп.
"Аталған секторға инвестиция тарту бойынша өңірлер арасында Түркістан облысы көш бастап тұр. Осы жылдың алғашқы үш айында өңірдің жиһаз өнеркәсібі саласына 645,1 млн теңге немесе жалпы елдік деңгейдің 55 % тартылған", - деп жазылған хабарламада.
Мұндай жоғары өсімге орындықтар мен отыруға арналған басқа да жиһаздар өндірісіне инвестициялар көлемінің артуына (645,1 млн теңге) байланысты қол жеткізіліп отыр.
Иллюстративті фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2024
Инвестиция тарта алмасаңдар орынды босатасыңдар – БҚО әкімі
Жаңалықтар
0