https://sputnik.kz/20240530/ulttyq-bank-10-000-tengelik-zhana-banknotalardy-aynalymga-shygarady-44658523.html
Ұлттық банк 10 000 теңгелік жаңа банкноталарды айналымға шығарады
Ұлттық банк 10 000 теңгелік жаңа банкноталарды айналымға шығарады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 мамыр - Sputnik. Қазақстан Ұлттық Банкі 28 маусымда 2024 жылғы үлгідегі жаңа дизайнмен номиналы 10 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарады. 30.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-30T20:45+0500
2024-05-30T20:45+0500
2024-05-30T20:45+0500
ұлттық банк
теңге
https://sputnik.kz/img/07e5/05/0b/17010629_39:0:3680:2048_1920x0_80_0_0_a8d1b5961859a4a1a1b5f8167f0cd5fd.jpg
АСТАНА, 30 мамыр - Sputnik. Қазақстан Ұлттық Банкі 28 маусымда 2024 жылғы үлгідегі жаңа дизайнмен номиналы 10 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарады.Бұл "Сақ стилі" жаңа сериясынан екінші банкнота. Ол қазақы ою-өрнектің бастау негізі саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін "Сақ стилі" элементтеріне негізделген.Банкноталар жаппай қолданысқа 2024 жылғы қыркүйекте беріле бастайды. Себебі оларды еліміздің барлық аймағына жеткізу үшін және жабдықтарды (банкоматтар, терминалдар және басқа да кассалық техникалар) бейімдеу үшін қосымша уақыт қажет.Ақша белгісінің дизайны мен формасы туралыБанкноталардың түсі – күлгін-көк.Банкнотаның бет жағында:- көкте қалықтап ұшқан құспен "Өмір ағашының" бұтағы (Есік қорғаны, б. д. д. 5-4 ғғ., Алтын адам бас киімінің бір бөлігі, табиғат пен наным байланысының қасиетті мағынасы);- ДНҚ спиралін және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен стильдендірілген шексіздік символы;- артефакт – тау шыңындағы барыс бейнелі әшекей (Есік қорғаны, б.з.д. 5-4 ғғ., Алтын адамның бас киіміндегі деталь, қар барысы – батылдықтың, күш пен сұлулықтың символы).Артқы жағында ою-өрнекпен безендірілген қалқан мен Қазақстанда мекен ететін барыс бейнеленген. Негізгі суреттің артында дөңгелек пішіндес қазақтың ою-өрнегі орналасқан. Бұл бейне мына идеяларды білдіреді:Сондай-ақ, банкнотаның сырт жағында артефакт, яғни аузында грифондары бар барыстың басы бейнеленген (Берел қорғандары "Патшалар Алқабы", б.д. д. 8-7 ғғ., ШҚО, безендіру элементі, мақсаттылық пен күштің символы). Банкнотаның ортасында фон ретінде қазақ ою-өрнегіндегі "шексіздік" контуры бар. Онда Іле Алатауы тауларының ландшафты көрініс тапқан.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/0b/17010629_494:0:3225:2048_1920x0_80_0_0_4e15f1260bd148b0674e27bad26af323.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк, теңге
АСТАНА, 30 мамыр - Sputnik. Қазақстан Ұлттық Банкі 28 маусымда 2024 жылғы үлгідегі жаңа дизайнмен номиналы 10 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарады.
Бұл "Сақ стилі" жаңа сериясынан екінші банкнота. Ол қазақы ою-өрнектің бастау негізі саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін "Сақ стилі" элементтеріне негізделген.
Банкноталар жаппай қолданысқа 2024 жылғы қыркүйекте беріле бастайды. Себебі оларды еліміздің барлық аймағына жеткізу үшін және жабдықтарды (банкоматтар, терминалдар және басқа да кассалық техникалар) бейімдеу үшін қосымша уақыт қажет.
Ақша белгісінің дизайны мен формасы туралы
Банкноталардың түсі – күлгін-көк.
- көкте қалықтап ұшқан құспен "Өмір ағашының" бұтағы (Есік қорғаны, б. д. д. 5-4 ғғ., Алтын адам бас киімінің бір бөлігі, табиғат пен наным байланысының қасиетті мағынасы);
- ДНҚ спиралін және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен стильдендірілген шексіздік символы;
- артефакт – тау шыңындағы барыс бейнелі әшекей (Есік қорғаны, б.з.д. 5-4 ғғ., Алтын адамның бас киіміндегі деталь, қар барысы – батылдықтың, күш пен сұлулықтың символы).
Артқы жағында ою-өрнекпен безендірілген қалқан мен Қазақстанда мекен ететін барыс бейнеленген. Негізгі суреттің артында дөңгелек пішіндес қазақтың ою-өрнегі орналасқан. Бұл бейне мына идеяларды білдіреді:
"Қалқан" – құндылықтарды қорғау;
ежелгі символ – әлемнің төрт құбыласы;
ортасындағы күн белгісі – шығармашылық қуат пен өмірдің символы.
Сондай-ақ, банкнотаның сырт жағында артефакт, яғни аузында грифондары бар барыстың басы бейнеленген (Берел қорғандары "Патшалар Алқабы", б.д. д. 8-7 ғғ., ШҚО, безендіру элементі, мақсаттылық пен күштің символы). Банкнотаның ортасында фон ретінде қазақ ою-өрнегіндегі "шексіздік" контуры бар. Онда Іле Алатауы тауларының ландшафты көрініс тапқан.